Инструкция для PHILIPS HD9140

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

алғашқы рет қолданар алдында

 1 

 Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамаққа тиетін бөлшектерін жақсылап 

тазалаңыз («Тазалау» тармағын қараңыз).

 2 

 Су ыдысы ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.

Пайдалануға дайындау

 1 

 Құралды тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойыңыз. 

 2 

 Су ыдысына ең жоғарғы деңгейіне дейін су толтырыңыз. Су ыдысы толып тұрғанда, 

бумен пісіргіш шамамен 1 сағат бумен пісіреді (Cурет 2).

Су ыдысына тек су құю керек. Су ыдысына ешқашан дәм шығарушы қоспа, май немесе 

басқа заттарды қосуға болмайды.

 3 

 Тамшы науасын негізгі бөліктегі су ыдысының үстіне орнатыңыз (Cурет 3).

Құралды тамшы науасыз қолдануға болмайды.

 4 

 Бумен пісірілетін тағамыңызға қосымша дәм қосу керек болса, кептірілген немесе жас 

шөпті немесе дәмдеуіштерді дәмдендіргішке салуға болады (Cурет 4).

Дәмдендіргішке жебіршөп, кориандр, насыбайгүл, аскөк, карри және эстрагон жусаны сияқты 

шөптерді және дәмдеуіштерді салуға болады. Дәмді арттыру үшін, тұз қоспастан, бұларды 

сарымсақпен, тминмен немесе ақжелкенмен араластыруға болады. Кептірілген шөптерді 

немесе дәмдеуіштерді пайдаланғанда, 0,5-3 кішкене қасық салуды ұсынамыз. Жас шөп пен 

дәмдеуіштерді көбірек салуға болады. 

Әртүрлі тағам түріне арналған шөптер мен дәмдеуіштердің түрлері жөніндегі кеңестерді 

«Тамақ кестесі және бумен пісіру кеңестері» тарауындағы бумен пісіру кестесінен қараңыз.
Кеңес. Шөптерді немесе дәмдеуіштерді қолданған жағдайда, тамшы науасын шайып, 

дәмдендіргішті сулап жіберіңіз. Бұл шөптер мен дәмдеуіштердің дәмдендіргіштің тесіктерінен 

түсіп кетуіне кедергі жасайды (Cурет 5).

 5 

 Пісірілетін тамақты бір немесе бірнеше бумен пісіру табағына немесе XL бумен пісіру 

табағына (төмендегі «XL бумен пісіру табағы» бөлімін қараңыз) салыңыз. 

Кеңес. Жұмыртқаларды дұрыстап бумен пісіру үшін, оларды жұмыртқа ұстағыштарына 

салыңыз (Cурет 6).

 - Бумен пісіру табақтары нөмірленген. Олардың нөмірін тұтқаларынан көруге болады. Ең 

жоғарғы бумен пісіру табағының нөмірі — 3, ортаңғы табақ нөмірі — 2, ал ең төменгі 

табақтың нөмірі — 1.

 6 

 Үлкендеу тамақ кесектерін және ұзақ пісетін тамақты төменгі бумен пісіру табағына 

салыңыз.

 7 

 Бу ағынын бөгемеу үшін, тамақтардың арасында жеткілікті орын қалдырыңыз. Бумен 

пісіру табақтарына көп тамақ салмаңыз. 

 8 

 Бір немесе бірнеше бумен пісіру табағын тамшы науасына қойыңыз.  (Cурет 7)

Ескертпе. Табақтардың дұрыс салынғанын және олардың шайқалмайтынын тексеріңіз.

 - Бумен пісіру табақтарының үшеуін де қолдану міндет емес.

 - Бумен пісіру табақтарын міндетті түрде мына кезекпен салуыңыз керек: 1-бумен пісіру 

табағы, 2-бумен пісіру табағы, 3-бумен пісіру табағы.

 - 2 және 3-бумен пісіру табақтарын алынбалы түптерімен пайдаланған жағдайда, табақ 

шеттерінің жоғары қарап тұрғанын және түбінің орнына түскенін («сырт» ете түседі) 

тексеріңіз (Cурет 8).

 - Тек 2-бумен пісіру табағының түбін алып тастаса да, 3-бумен пісіру табағын оның үстіне 

қоюға болады.

ҚазаҚша

57

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
Оглавление инструкции

Document Outline