![background image](/i/aeg/137389/aeg-bp5501432m/h/aeg-bp5501432m-036.png)
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс.
10.2 Пиролит
Назарыңызда болсын!
Құрылғы қатты қызып кетеді.
Күйіп қалу қатері бар.
Сақтандыру туралы ескерту!
Егер құрылғыға пеш
орнатылса, оны Пиролит
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда бірге пайдаланбаңыз.
Себебі құрылғыға нұқсан
келтіруі мүмкін.
1.
Құрылғыдан алмалы сөре
сырғытпаларын (егер бар болса)
және керек-жарақтарды алыңыз.
"Сөре сырғытпаларын алу"
тарауын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тазалау барысында алмалы
сөре сырғытпаларын
құрылғының ішіне
қалдырмаңыз. Зақым келуі
мүмкін.
2.
Қатып қалған қоқысты қолмен
тазалаңыз.
3.
Тұмшапештің есігін толық
жабыңыз.
Тұмшапештің есігі жабылмаса
тазалау жұмысы басталмайды.
4.
Пиролит функциясын орнатыңыз.
"Тұмшапеш функциялары"
тарауын қараңыз.
5.
жыпылықтаған кезде қажетті
үрдісті орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз:
– P1 - егер тұмшапеш қатты лас
болмаса. Үрдістің ұзақтығы 1
сағат 30 минут.
– P2 - егер тұмшапеш ластау
болса. Үрдістің ұзақтығы 2 сағат
30 минут.
6.
Үрдісті бастау үшін түймешігін
басыңыз. Тазалау циклін кешіктіріп
бастау үшін Аяқтау функциясын
қолдануға болады.
Тұмшапеш орнатылған
температураға жеткенде есік
бекітіледі. Бейнебетте белгісі
мен қызу индикаторының
жолақтары көрсетіліп тұрады.
Пиролит функциясын
аяқталмай тұрып сөндіру үшін,
тұмшапеш функцияларының
тетігін "сөндірулі" қалпына
бұраңыз.
Пиролит функциясы аяқталған кезде
бейнебетте тәулік уақыты көрсетіледі.
Тұмшапештің есігі құлыпталып
тұрады. Құрылғы қайта салқындаған
кезде дыбыстық сигнал естіледі де,
есіктің бекітпесі ашылады.
Пиролитпен тазалау кезінде
тұмшапештің шамы сөніп
тұрады.
Тазалық ескертушісі
Пиролитпен тазалау қажет екенін
ескерту үшін құрылғыны қосып және
сөндірген сайын PYR белгісі
бейнебетте 10 секунд жыпылықтап
тұрады.
Бейнебеттегі тазалық ескертушісі
сөнеді:
• Пиролит функциясы аяқталғаннан
кейін
• + және - түймешігін бейнебетте PYR
жыпылықтап тұрған кезде бір
уақытта бассаңыз.
10.3 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын
ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр тоғы соғу
қаупі бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қосқышты
ажыратыңыз.
36 www.aeg.com