Option түймешігі
Функцияларды орнату үшін осы түймешікті басыңыз.
Функция іске қосылған кезде, тиісті индикатор жанады.
Option түймешігі
Multitab
Extra-Hygiene
Бір рет басыңыз
ҚОСУЛЫ
СӨНДІРУЛІ
Екі рет басыңыз
СӨНДІРУЛІ
ҚОСУЛЫ
Үш рет басыңыз
ҚОСУЛЫ
ҚОСУЛЫ
Төрт рет басыңыз
СӨНДІРУЛІ
СӨНДІРУЛІ
Функциялар
Multitab
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab
функциясын қолданыңыз. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
Extra-Hygiene
Бұл функция гигиенаны сақтауға қатысты жақсы нәтижелер береді. Шаю циклі кезінде
температура 10-14 минут 70°C градуста тұрады.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату және бастау үшін.
• Кешіктіріп бастау бағдарламасын орнату және бастау үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда
ғана) үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанғанда.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы пайда болады.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрмайды.
• Тек бір бағдарламаның индикаторы жанғанда.
• Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау циклінің уақыты
көрсетіледі.
– Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау' тарауын қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Құрылғыны қолдану
11