KZ
27
Су ағызғыш шлангіні қосу
Су ағызғыш шлангі
қатты бүкпей су ағызғыш
құбырға немесе
қабырғадағы еденнен
65-100 см биіктікте
орналасқан ағызу тесігіне
қосыңыз, немесе,
шүмекке бекітілетін
бағыттаушының
көмегімен ваннаның
немесе раковинаның
жиегіне бекітіңіз
(сызбаны қара.).
Шлангінің бос ұшы суға
салынбауы керек.
!
Су ағызғыш шлангі үшін ұзартқыштарды
пайдаланбаған жөн, қажет болған жағдайда, оны
сондай диаметрлі және ұзындығы 150 см-ден артық
емес шлангімен ұзартуға рұқсат етіледі.
Электр желісіне қосу
Бұйымды электр желісінің розеткасына қосар
алдында төмендегілерді тексеріп алу керек:
• екі полюсті розетканың жерге қосушы байланысы
нормативтерге сәйкес жерге қосылған;
• электр желісінің розеткасы кір жуғыш машинаның
Техникалық мәліметтер кестесінде көрсетілген
максималды қуатына есептелуі керек (шетіндегі
кестені қара.);
• желі тогының кернеуі Техникалық мәліметтер
кестесінде көрсетілген машина деректеріне сәйкес
келеді (шетіндегі кестені қара.);
• кір жуғыш машинаның электрлік розеткасы мен
ашасы бір типті болу керек, керісінше жағдайда
розетканы ауыстыру керек.
!
Кір жуғыш машинаны далада, тіпті жабынның
астына да орнатуға тыйым салынады, себебі оны
жауын мен найзағай ықпалына ұшырату қауіпті.
!
Кір жуғыш машина электр желісінің розеткасына қол
жететіндей етіп орналастырылуы керек.
!
Ұзартқыштарды, үштіктерді пайдалануға болмайды.
!
Желі кабелі майысып немесе қысылып тұрмауы
керек.
!
Желі кабелін өкілетті сервис орталықтарында ғана
ауыстырылуы қажет
Назар аударыңыз! Жоғарыда баяндалған ережелерді
бұзған жағдайда фирма ешқандай жауапкершілік
жүктемейді.
Кір жуудың бірінші циклі
Машинаны орнатып болғаннан кейін, оны пайдаланар
алдында кір жуғыш ұнтақ қосып, бірақ кір бұйымдар
салмай, кір жуудың бірінші циклін
2-программамен
жүргізу керек.
65 - 100 cm
Техникалық сипаттамалары
Моделі
ARXSF 105
Көлемі
ені 59,5 ñì
биіктігі 85 ñì
тереңдігі 40 ñì
Толтыру
1 - 6 êã
Электрлік
параметрлері
машинадағы электрлік параметрлері
көрсетілген паспорттық табличканы
қараңыз
Гидравликалық
параметрлері
max қысым 1 Ìïà (10 áàð)
min қысым 0,05 Ìïà (0,5 áàð)
барабанның көлемі 40 ë
Сығу
жылдамдығы
1000 мин/айн дейін
EN 60456
нормативіне сəйкес
бақылау
программалары
программа 7; температура 60°C;
6 кг дейін толтырған кезде.
Машина Еуропалық Экономикалық
қауымдастықтың мынадай
Директиваларына сəйкес келеді:
- 2004/108 /ЕС (электромагниттік
үйлесімділік)
- 2006/95/CE (төмен кернеулі)
- 2002/96/CE