![background image](/i/atlant/36444/atlant-hm-4708/h/atlant-hm-4708-007.png)
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
1.6 МБ себеттерінің алдыңғы панелінде азық-түлікті
салғандағы және шығарғандағы ыңғайлық үшін тұтқасы, және де
тоңазытқыштан басқа жерде тасымалдау үшін (төменгі себеттен
басқа), жан-жағында да тұтқалары бар. Себеттің дизайны 4 су-
реттен өзгеше болуы мүмкін.
2 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы Қ О Л Д А Н У
2.1 ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ҚОСУ
2.1.1 Тоңазытқышты қосу үшін, қуаттану сымының айырын
электр ұяшығына орнатып, оны электр желісіне қосу керек.
ТБ есігін ашыңыз. Алғашқы рет қосқанда «3-кестеге сәйкес»
тұтқаны «3» деген бөлікке орнату дұрыс болады. ТБ есігін
жабыңыз.
Қажетті болса температураны тұтқамен реттеу керек. Егер
реттегеннен немесе қолдану шарттарын өзгерткеннен кейін
компрессор үздіксіз жұмыс істей бастаса, тұтқаны бірқалыпты
қимылмен термореттегіштен сырт еткен дыбыс естілгенше
цифрлік бөліктердің азаю жағына қарай бұрау керек. Реттеген-
нен кейін ТБ-де температура автоматты түрде сақталып тұрады.
2.2 ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ СӨНДІРУ
2.2.1 Тоңазытқышты сөндіру үшін сымның айырын электр
ұяшығынан суырып алыңыз.
2.3 ТБ АВТОМАТТЫ ЕРІТУ ЖҮЙЕСІ
2.3.1 ТБ-нде ерітудің автоматты жүйесі қолданылады. ТБ
артқы қабырғасында пайда болатын қырау циклдық түрде жұмыс
істеп тұрған компрессорды сөндіргеннен кейін еріп су тамшы-
ларына айналады. Еріген судың тамшылары жаймаға саңылау
арқылы ағып, 5 сурет бойынша компрессордағы ыдысқа түсіп,
ұшып кетеді. Жайманың саңылауында еріген құйылыс жүйесінің
бітеліп қалуына жол бермеу үшін ысқыш орнатылған.
2.3.2 Жайманың тазалығын жүйелі түрде қадағалап отыру
керек (кем дегенде 3 айда 1 рет). Жаймада судың болуы ағызу
жүйесінің бітеліп қалуын білдіреді.
Бітеліп қалуды жою үшін төмендегілерді жасау керек:
— су кедергісіз ыдысқа ақсын деп, жаймадағы саңылауды
ысқышпен тазалаңыз;
— ысқышты жуып 5 суретке сәйкес орнатыңыз.
Құйылыс жүйесі бітеліп қалған тоңазытқышты қолдануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
2.4 МБ МҰЗДАН ЕРІТІП АЛУ ЖӘНЕ ЖИЫСТЫРУ
2.4.1 МБ мұздан еріткен кезде:
— 6 сурет бойынша қалақша мен көлемі кем дегенде 2 л
болған кез келген ыдысты орнатып, еріген суды жойып отыру
керек;
— еріген су бөлімнен қалқашадан басқа жолмен шықса, оны
ылғалды тез сіңіп алатын материалмен жинап алу керек;
— бөлімді жуып, құрғатып сүртіп алу керек.
МБ қалақшаны қолданбай тазалауға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еріткен және жиыстырған кез-
де, еріген судың қалақшадан басқа жерден аққанына жол
бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 5, 6 суреттер бойынша ТБ түбінде
пайда болған немесе аралықтың ішкі ТБ шкафына, алдыңғы
тақтайшаның МБ ішкі шкафына бекітілген жеріне түскен
су тоңазытқыштың сыртқы шкафы мен тоңазытқыш
агрегатының тоттануына, жылуды оқшалаудың бұзылуына,
ішкі шкафта жарықтардың пайда болуына және тоңазытқыш
шкафының істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.
маска
4 сурет — Себет
тұтқа
тұтқа
тұтқа
5 сурет — ТБ-нен еріген суды төгу сызбасы
ысқыш
жайма
түтік
ыдыс
конденсатор
компрессор
тіреу
ТБ ішкі шкафы
арқалық
МБ ішкі шкафы
алдыңғы
тақтайша
6 сурет — МБ-нен еріген суды жинау
сауыт
қалақша
алдыңғы тақтайша
МБ ішкі шкафы
7
KAZ