![background image](/i/electrolux/70890/electrolux-eob96410ax/h/electrolux-eob96410ax-029.png)
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше
орындап салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға
тиіс.
10.3 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Электр тоғы
соғу қаупі бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына және шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек
төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып
күймес үшін, галоген шамды үнемі
шүберекпен ұстаңыз.
1.
Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш шамын
салыңыз.
Шамның дәл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4.
Шыны қалпақты орнатыңыз.
10.4 Су сауытын тазалау
Назарыңызда болсын!
Су сауытына тазалау циклі кезінде су
құймаңыз.
Тазалау циклы кезінде бу жіберетін
түтіктен тұмшапештің ішіне шамалы
су ағып кетуі мүмкін. Тұмапештің
табанына су ағып кетуге жол бермеу
үшін бу жіберетін түтіктің астыңғы
жағындағы сөреге сай жинайтын
табақты қойыңыз.
Шамалы уақыттан кейін тұмшапеште әк
қалдықтары жиналады. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін, тұмшапештің бу шығаратын
бөліктерін тазалаңыз. Су сауытын буға пісіру
циклі аяқталған сайын босатыңыз.
1.
Су сауытына 850 мл су және 50 мл
цитрус қышқылын (бес шай қасық)
құйыңыз. Тұшмапешті сөндіріңіз де,
шамамен 60 минут күтіңіз.
2.
Тұмшапешті қосыңыз да, Ыстық
желдеткіш + Бу функциясын орнатыңыз.
230 °C градус температураны орнатыңыз.
Оны 25 минуттан кейін ажыратыңыз да,
15 минут суытып қойыңыз.
3.
Тұмшапешті қосыңыз да, Ыстық
желдеткіш + Бу функциясын орнатыңыз.
Температураны 130 және 230 °C
аралығына қойыңыз. 10 минуттан кейін
сөндіріңіз. Суытып қоя тұрыңыз да,
сауыттың ішіндегілерді ("Су сауытын
босату" тарауын қараңыз) алыңыз.
4.
Су сауытын шайып, тұмшапештің ішіндегі
қалдық заттарды шүберекпен тазалаңыз.
5.
Су ағызатын түтікшені жылы сабынды
суды пайдаланып қолмен тазалаңыз.
Зақым келтіріп алмас үшін қышқылды,
спрейді немесе сол сияқты заттарды
пайдаланбаңыз.
Судың түрі
• Әктің мөлшері аз жұмсақ су - өндіруші
осындай суды пайдалануды ұсынады,
себебі бұл жуу циклдарының санын
азайтады.
• Кранның суы - бұндай суды үйдегі су
жүйесінде су тазалағыш немесе су
жұмсартқыш бар болса қолдануға болады.
• Әк мөлшері жоғары кермек су - бұл су
құрылғының жұмысына әсер етпейді, бірақ
тазалау циклдерін көбейтеді.
ҚАЗАҚ
29