![background image](/i/haier/53246/haier-let39c800hf/h/haier-let39c800hf-052.png)
KZ-50 Сұйықкристалды жарықдиодты теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықа
Пайдалану
ATV қол теңшелімі:
Сіз аналогтық телеарналарды іздеу және арналардың
дәл теңшеу үшін дыбыс жүйесін өзгерте, содан кейін Сіз
таңдаған арналарды сақтай аласыз.
аҢДаТПа:
Қолмен теңшеуден кейін арналарды сақтау үшін
телемәтіннің қызыл түймешігін басыңыз.
Бағдарламаны редакциялау:
Сіз кез келген бағдарламаларды жоя, қайта атай, өткізіп
жібере, таңдаулыларға қоса аласыз.
Жою
Телемәтіннің қызыл түймешігін басыңыз, көрсеткі
бағдарламаны жояды.
Қайта атау:
Тек ATV бағдарламаларды қайта атауға болады.
Көрсеткіні бағдарламаға апарыңыз, бағдарламана қайта
атау үшін телемәтіннің жасыл түймешігін басыңыз.
Символды таңдау үшін ▼▲ түймешігін басыңыз. Көрсеткіні
апару үшін 4 ► басыңыз.
Редакциялаудан шығу үшін МӘЗІР түймешігін басыңыз,
мәзірден шығу үшін "ШЫҒУДЫ" басыңыз.
аңдатпа: ATV бағдарламасының атауында тек 5 символ,
DTV бағдарламаларында 25 символ болуы мүмкін.
Тасымалдау:
Сіз тасымалдағыңыз келген арнаны таңдау үшін
сызықтары бар түймешіктерді пайдаланыңыз. Содан кейін
Тасымалдау функциясын таңдау үшін сары түймешікті
басыңыз. Сызықтары бар түймешіктерді тасымалдау
үшін пайдаланғаннан кейін, растау үшін ОК түймешігін
басыңыз.
Өткізіп жіберу:
Бағдарламаны таңдау үшін ▼▲ түймешігін басыңыз,
осы бағдарламаны өткізіп жіберу үшін телемәтіннің көк
түймешігін басыңыз, белгі бағдарламаның оң жағында
көрінетін болады.
Өткізіп жіберілген бағдарламаны таңдаңыз, өткізіп жіберуді
болдырмау үшін көк түймешікті тағы басыңыз, белгі
жоғалады.
Таңдаулы:
Бағдарламаны таңдау үшін ▼▲ түймешігін басыңыз, FAV
түймешігін басыңыз, жүрекше белгісі бағдарламаның оң
жағынан көрінетін болады. Таңдалған бағдарламаны
таңдаңыз, Таңдаулыға қосымшаны болдырмау үшін FAV
түймешігін тағы бір рет басыңыз, жүрекше белгісі
жоғалады.
Сіздің сүйікті тобыңыз жасалысымен, сіз өзіңіздің сүйікті
арналарыңызға анағұрлым тез қол жеткізу үшін FAV
түймешігін баса аласыз.
Стандартты интерфейс туралы ақпарат:
(қосымша)
Аталмыш мәзір стандартты интерфейс картасы туралы
ақпаратты көрсете алады.
КЕСКІН МӘзІРІ
Мәзірдің екінші тармағы кескін мәзірі болып табылады.
Бұл жерде сіз контрасттылық, ашықтық және т.б. сияқты
түрлі визуалдық әсерлерді теңшей аласыз.
Тасымалдау үшін ▼▲ түймешігін басыңыз, теңшеу үшін
OK түймешігін басыңыз.