● Батареяны ол арнайы құрастырылған жүйе үшін ғана пайдаланыңыз.
● Батареяда қысқа тұйықталуды жасамаңыз, металлды заттарды батареяның
клеммаларына тигізбеңіз.
● Батареяларды кәдеге жарату туралы жергілікті заңдарға және ережелерге
сәйкес кәдеге жаратыңыз.
● Егер балалар батареяны пайдаланса, оларды қадағалаңыз.
● Құрылғы мен батареяны түсіріп алмаңыз. Егер Сіз құрылғыны қатты беткі
қабатқа түсіріп алсаңыз және зақымдалғанын байқасаңыз, мамандандырылған
сервистік орталыққа жүгініңіз.
● Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың туындауына әкеп
соғуы мүмкін.
Жарылыс, электрлік есеңгіреу, күйіктер
● Құрылғыны лас, шаңды жерлерде қалдырмаңыз. Қуат тоқсымы мен жылу
көзі арасында минималды арақашықтық қалдырыңыз.
● Құрылғыны тазарту алдында қуат тоқсымын сөндіріңіз.
● Қуат ажыратқышын пайдаланған кезде ол тығыз жалғанып қосылған
екендігіне көз жеткізіңіз, кері жағдайда бұл қысқа тұйықталуға және тұтануға
әкеп соғуы мүмкін.
● Егер сіз құрылғыны металлды заттармен бірге қалтаңызға салсаңыз, онда
қуат ажыратқышы жабық екендігіне көз жеткізіңіз.