![background image](/i/lg/38769/lg-e400-optimus-l3/h/lg-e400-optimus-l3-328.png)
16
Экранда жабдықты қалпына келтіру
терезесі көрсетілгенде, қалған
пернелерді де жіберіңіз.
Жабдықты бастапқы қалпына
келтіру жасалып болғанша
телефонға бір минуттай тимеңіз, ол
өзі қосылады.
Абайлаңыз: жабдықты қалпына
келтіру әрекетін орындасаңыз, барлық
пайдаланушы қолданбалары және
пайдаланушы деректері жойылады.
Бұл әрекетті кері қайтару мүмкін емес.
Жабдықты қалпына келтіру алдында
барлық маңызды деректердің сақтық
көшірмесін жасаңыз.
6. Wi-Fi желілеріне қосылу
Телефонда Wi-Fi мүмкіндігін
пайдалану үшін, сымсыз кіру
нүктесін пайдалану керек. Кейбір
кіру нүктелері ашық тұрады
және оларға оңай қосылуға
болады. Кейбіреулері жасырын
немесе қауіпсіздік мүмкіндіктерін
пайдаланады. Оларға қосылу үшін
телефон параметрлерін реттеу
керек.
Маңызды ескерту