![background image](/i/lg/38778/lg-e960-nexus-4/h/lg-e960-nexus-4-069.png)
Nexus 4 жылдам іске кірісу нұсқаулығы
Nexus 4 жылдам іске кірісу нұсқаулығы
Батареяны зарядтау
Nexus 4 телефонын бірінші рет ашқанда батарея
толық зарядталмайды. мүмкіндік пайда бола
салысымен батареяны толық зарядтап алған жөн.
Телефонмен келетін саяхат адаптерін пайдаланып
отырсаңыз, деректер кабелінің бір ұшын
телефонның төменгі жағындағы зарядтағыш
портына, ал екінші ұшын саяхат адаптеріне
жалғаңыз. Одан кейін, саяхат адаптерін қуат
розеткасына қосыңыз.
саяхат адаптері елге немесе аймаққа
қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Тек Nexus 4 телефонымен келетін
саяхат адаптерін және Micro usB кабелін
пайдаланыңыз. Басқа саяхат адаптерін
немесе кабелін пайдалану телефонды
зақымдауы мүмкін.
қабырға розеткасы мен осы саяхат
адаптері арасындағы кіріс кернеуінің
ауқымы аТ 100 В–240 В, ал саяхат
адаптерінің шығыс кернеуі ТТ 5 В, 1,2 а
болады.
Телефонды ноутбук сияқты басқа
құрылғыға қосылған usB кабелі
арқылы зарядтау саяхат адаптерімен
зарядтағанға қарағанда ұзағырақ уақыт
алады.
Nexus 4 телефонының батареясын
шығаруға болмайды. Телефонды ашуға
әрекет етпеңіз.
•
•
•
•
•