11
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1
Өнімге осы үсті сызылған дөңгелекті себет таңбасының жапсырылуы оның
2002/96/EC Еуропа директивасының талаптарына сәйкес келетінін білдіреді.
2
Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген арнайы жинау
орындарына өткізілуі тиіс.
3
Ескі құралды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
4
Ескі құралды қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен,
қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға
болады.
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1
Өнімнің батареяларына/аккумуляторларына осы үсті сызылған дөңгелекті
себет таңбасының жапсырылуы олардың 2006/66/EC Еуропа
директивасының талаптарына сәйкес келетінін білдіреді.
2
Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005%, кадмий 0,002% немесе
қорғасын 0,004% мөлшерінен артық болса, бұл таңбамен бірге сынап (Hg),
кадмий (Cd) немесе қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары берілуі мүмкін.
3
Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек, мемлекеттік
немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген арнайы жинау орындарына
өткізілуі тиіс.
4
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға,
жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын
алуға көмектеседі.
5
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау туралы толық
ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді
сатып алған дүкеннен алуға болады.