![background image](/i/lg/113792/lg-g4-stylus/h/lg-g4-stylus-300.png)
79
Параметрлер
•
Құнды сақтау әдісі:
телефон кітабына қосқан кезде әрбір
контакт тағайындалған SIM картасымен бірге қосылады. Қоңырау
шалу кезінде, сәйкес оператордың SIM картасы анықталып,
әрекет сәйкес оператордың SIM картасымен аяқталады. Бұл
бірдей операторды қолдану артықшылығын пайдалануға
мүмкіндік береді.
•
Ұялы деректер:
деректерді ұялы байланыс желісі арқылы қосу
үшін белгілеңіз.
•
Пайдаланатын SIM карта:
әдепкі деректер желісін таңдауға
болады. Барлық мобильді пакет қызметтері (Веб, MMS,
электрондық пошта, т.б.) осы мәнде таңдалған SIM картасын
пайдаланады. Тек бір SIM картасы салынғанда, әдепкі деректер
желісі салынған SIM картасы ретінде орнатылады және өзгертуге
рұқсат етілмейді.
•
Деректер роумингі:
жергілікті желі аймағынан тыс роумингте
болғанда ұялы деректер байланысын қолдануға мүмкіндік беру
үшін құсбелгі қойыңыз.
Wi-Fi
Қолжетімді Wi-Fi желілерін қосу үшін Wi-Fi функциясын қосыңыз.
Bluetooth
Bluetooth функциясын пайдалану үшін Bluetooth сымсыз байланыс
мүмкіндігін қосыңыз не өшіріңіз.
Мобильді деректер
Деректер қолданысын көрсетеді және мобильді деректер шегін
орнатады.
Қоңырау баптаулары
Провайдер ұсынатын қоңырауларды қайта бағыттау сияқты телефон
қоңырауы параметрлерін және басқа арнайы мүмкіндіктерді реттеуге
болады.