54
Қа
зақ
ша
ЕСКЕРТУ
Батарея сұйықтығы ақса, келесі процедураларды
орындаңыз. Батареяға ештеңе кимеген қолдармен
тимеңіз.
-
Көздерге тисе, батарея сұйықтығы соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Көздеріңізді уқаламаңыз. Таза сумен бірден жуыңыз және
дәрігерге хабарласыңыз.
-
Теріге немесе киімдерге тисе, батарея сұйықтығы қызаруға
немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
Оны таза сумен мұқият жуыңыз және дәрігерге
хабарласыңыз.
Арналған мақсаты
•
Мына ЫЛҒАЛ / ҚҰРҒАҚ режимді ұстара қырыну көбігін пайдаланып
ылғал қырынуға немесе құрғақ қырынуға мүмкіндік береді. Бұл су
өтпейтін ұстараны душта қолдануға және қырынып болған соң
сумен шайып тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі ваннада
немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.
►
Ескертпелер
•
Кемінде үш апта көпіршікпен ылғал қырынуды пайдаланған соң өз
теріңіздің қаншалықты жақсарғанын байқайсыз. Панасоник ЫЛҒАЛ /
ҚҰРҒАҚ режимді ұстарасын қолдануды үйренуге біраз уақыт қажет,
себебі сіздің теріңіз бен сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне
үйренуіне шамамен бір ай уақыт керек қылады.
•
Жүйенің сыртқы торша жүйесін қатты затқа тигізбеңіз.
Бұлай істеу жүздерді зақымдауы мүмкін, өйткені олар өте жұқа және
пішінін оңай өзгертеді.
•
Негізгі блокты кептіргішпен немесе вентиляторлық жылытқышпен
кептірмеңіз.
Бұлай істеу ақаулыққа немесе бөліктердің пішінінің өзгеруіне әкелуі
мүмкін.
•
Ұстараны торша жиегі ажыратылған күйде тік күн сәулелерінің
астында қалдырмаңыз.
Бұлай істеу су өткізбейтін резеңкені тоздыруы және су өткізбеу
функциясын нашарлатуы, бұл ақаулық тудыруы мүмкін.
•
Ұстараны қолданғаннан кейін құрғақ жерде сақтаңыз.
Бұлай істемеу конденсатқа немесе тотқа байланысты ақаулық
тудыруы мүмкін.
•
Ішкі жүздерінің екеуі де салынғанын тексеріңіз. Ішкі жүздің біреуі
ғана салынған болса электр ұстарасы зақымдалу мүмкін.
•
Ұстараны сумен тазалаған кезде, тұзды не ыстық суды
қолданбаңыз. Ұстараны ұзақ уақытқа суға батырып қалдырмаңыз.