![background image](/i/polaris/76848/polaris-0602rc/h/polaris-0602rc-020.png)
Шаш алатын машинка
POLARIS
Моделі PHС 0602RC
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда маркасымен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға
сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға
сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен
күтуге қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон
қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
I.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған және оны тек қана тікелей мақсаты
бойынша пайдалану керек.
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықпен мұқият
оқып шығыңыз.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік
сымның ақауы болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне және ылғалға
ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды
пайдалануды жалғастырмасаңыз, онда оны әрдайым сөндіріп қойыңыз.
Аталмыш құрал, құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін
тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке
алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде
қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны
білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды ванна бөлмесінде пайдалану барысында қолданып болғасын құралды бірден
желіден ажыратыңыз, өйткені, судың жақын болуы құрал сөніп тұрса да, қауіп
төндіреді.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың
желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға
болмайды.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.