193
Егер ішкі тостақ өнімдермен толтырылса, мультипісіргіштің орнын алмастыруға немесе оны көтеріп, тасымалдауға болмайды.
Мультипісіргіштің жұмысы барысында ішкі тостақты ұстамаңыз.
Тостақтың ішкі қабатын соқпаңыз, оны күш салып жумаңыз және мультипісіргішті тазарту барысында абразивті тазартқыш құралдары мен
агрессивті жуғыш құралдарын пайдаланбаңыз.
Тостақтағы өнімдерді араластыру немесе оларды шығару мақсатында металл ас үй саймандарын пайдаланбаңыз, бұл саймандар
құралдың күйіп қалудан сақтайтын жабының зақымдауы мүмкін. Ағаш, пластик немесе силикон бұйымдарды қолданыңыз
Әзірлеу үдерісі жүріп жатқанда тостақтың ішінде ас үй саймандарын қалдыруға болмайды
Егер мультипісіргіштің нығыздауыш дөңгелегі болмаса немесе ол бүлінсе, құралды пайдалануға болмайды. Нығыздауыш дөңгелекті
ауыстыру үшін авторланған қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.
Мультипісіргіштің ішінде өнімдерді немесе суды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Тостақты максималды деңгей белгісінен асыра өнімдермен толтыруға болмайды.
Тостақтың ішіне сірке қышқылын құймаңыз, ол ыдыстың жабының бүлдіруі мүмкін.
Мультипісіргіштің тостағын мультипісіргіштен бөлек жерде қолданбаңыз, оны плитаның үстінде және өзге де жылу көздерінде қыздыруға
тыйым салынады.
Тостақты өнімдерді араластыру ыдысы немесе өнімдерді сақтауға арналған контейнер ретінде қолданбаңыз.
Мультипісіргіштің тостағын өзге ыдыспен немесе басқа мультипісіргіштің ыдысымен алмастырмаңыз.
Алынбалы тостақ пен ішкі корпустың арасында өзге бөгде заттар болмауы тиіс.
Жарманы әзірлеу барысында тостақтағы жарма мен судың ұсынылған арасалмағын сақтаңыз.
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту құралдарына тікелей байланысты. Бұл қалыпты нәрсе болып
табылады, мультипісіргішті еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға болады.
Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау немесе осы нұсқаулықта қарастырылмаған пайдалану әрекеті салдарынан туындаған ақау үшін
жауапты емес.