48
бағдарламаның жұмыс уақытысы аяқталғаннан кейін, құрылғы автоматты түрде ЖЫЛЫТУ режиміне өтетіндігін
білдіреді, егер бұл режим бұрыннан сөндірлмеген болса (4.4 тармағын қараңыз).
Құрал әзірлеудің соңғы кезеңінде 80ºС.-тан төмен температурада дайындайтын бағдарламаларды қолдану
барысында ЖЫЛЫТУ режиміне өтпейді.
Назар аударыңыз!
Құралды алғаш рет іске қосқан кезде, өндірісте қолднылатын май қалдықтарының күйіуіне байланысты түтін
шығуы мүмкін.
Құрал жұмыс істеп тұрғанда реленің жұмысымен байланысты «сыртыл» дыбыстардың естілуі әбден мүмкін.
Мұндай әсердің болуы құралдың қалыпты жұмыс істеуі болып саналады және оның істен шыққандығын
білдірмейді.
11.
Бағдарламаның аяқталуы.
Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигналын шығарады.
“СТАРТ” батырмасының жарық индикаторы сөнеді.
Құрал автоматты түрде ЖЫЛЫТУ режиміне өтеді.
Сонымен қатар тағамның қаншама уақыт бойы жылып жатқандығын көрсететін уақыттың тікелей есебі көрініс
табады.
12.
Құралды сөндіріңіз.
Құралды тазартпас бұрын, ол суығанша күтіңіз.
4.2. «Кейінге қалдырылған старт» функциясы
«Кейінге қалдырылған старт» функциясы белгілі бір уақытқа қарай тағамды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тағамды әзірлеуді кейінге қалдырудың максималды уақытысы 24 сағатты құрайды.
Алайда, егер тағамның құрамында тез бұзылатын өнімдер бар болса, уақытты тым ұзаққа созбауыңызды өтінеміз.
«Кейінге қалдырылған старт» функциясы барлық бағдармалары үшін қолжетімді.
«Қуыру», «Майға қуыру», «Паста», «Сосискалар / Тұшпара» және «Буда пісіру» «Зарарсыздандыру», «Пастерлеу», бағдарламаларында уақыттың кері есебі
құрал жұмыс температурасына дейін қызып жеткеннен кейін ғана қосылады, сол себепті тағамның әзірленуі, яғни «Кейінге қалдырылған старт» уақытысынан
ерте немесе одан кеш әзірленуі мүмкін (тостақтағы өнімдердің көлеміне байланысты).
«Кейінге қалдырылған старт» режимін іске қосу үшін:
“МӘЗІР/ТЕМПЕРАТУРА” батырмасын қолдана отырып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
Бағдарламаның параметрлерін (уақыт пен температураны өзгертуге болатын әзірлеу бағдарламаларында) белгілеңіз.
«КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ» батырмасына басыңыз.
«КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ» батырмасының жарық индикаторы жанады.
“
Сағат” және “Минуттар
” батырмаларының көмегімен тағамның әзір болуы тиіс уақытын орната аласыз. Уақытты орнату барысында таймер
жыпылықтап тұрады.
Кейінге шегерілетін уақытты орнату қадамы -5 минутты құрайды.
“СТАРТ” батырмасына басыңыз.
Мультипісіргіш дыбыстық сигналын шығарады да, уақыттың кері есебі басталады.