![background image](/i/polaris/87908/polaris-pwk-1761ca/h/polaris-pwk-1761ca-026.png)
26
Бұл шәйнекті өзге электрмен қоректендіру тұпқоярымен қолданбаңыз, сондай-ақ шәйнектің
электрмен қоректендіру тұпқоярын басқа шәйнекпен пайдалануға тыйым салынады.
Шәйнекті түпқоярға орналастыру/алу барысында ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып қосатын
тетіктің клавишасы (О) ӨШІРУ белгісінде тұруы тиіс.
Суды қайнатқаннан кейін шәйнектің негізгі бөлігінде судың аз ғана мөлшері (1г-ға дейін)
байқалуы мүмкін, ол құралдың жұмыс істеуі барысында будың суға айналу салдары болып
табылады және бұл қалыпты нәрсе болып саналады.
12. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ
БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек мақсаты бойынша тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық
мақсатта ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе
адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек қана мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын оның пайдалану жөніндегі нұсқаулығын мұқият
түрде, толығымен оқып шығыңыз.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал жерге не еденге құлаған жағдайда сонымен ақаулығы анықталған жағдайда, құралды
қолданбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті мамандар – қызмет көрсету
орталығының қызметкері ғана тексеру тиіс.
Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.
Құрал мен желілік сым жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне және ылғалға
ұшырамайтындай етіп сақталуы керек.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды
пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріп, желілік сымын желіден ажыратыңыз.
Құралды ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, оны зауыттық орамасында құрғақ,
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды
суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес
келуі тиіс. Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға
болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның ауыстырып қосатын тетігі өшіру күйінде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса
оны әрдайым желіден ажыратыңыз.