![background image](/i/samsung/145826/samsung-ht-e8200/h/samsung-ht-e8200-071.png)
|
10
Қазақша
Жұмысты Бастау
Бейне декодері
- H.264 Level 4.1 пішіміне дейін қолдайды.
- H.264 FMO/ASO/RS, VC1 SP/MP/AP L4 және
AVCHD пішімдерін қолдамайды.
- MPEG4 SP, ASP :
1280 x 720 пикселден төмен: ең көбі 60 кадр
1280 x 720 пикселден жоғары: ең көбі 30 кадр
- GMC 2 немесе одан кейінгі пішімдерді
қолдамайды.
Дыбыс декодері
- WMA 7, 8, 9 және STD пішімдерін қолдайды.
- Арналардың саны 2-ден көп болса немесе
файлдар дыбыс сапасын жоғалтпастан
кодсыздандыруды талап етсе, көп арналы
WMA 9 PRO файлдарын қолдамайды.
- Дискретизация жиілігі 22050 Гц моно WMA
пішімін қолдамайды
Қолдау көрсетілетін DivX субтитр
файлдарының пішімдері
*.ttxt, *.smi, *.srt, *.sub, *.txt
USB қосылымына қатысты ескертпелер
• Өнім USB сақтау құралын, MP3
ойнатқыштарын, сандық камераларды және
USB картасын оқу құрылғыларын қолдайды.
• Өнім 128 таңбадан ұзын болатын қалта немесе
файл атауларын қолдайды.
• Кейбір USB/сандық бейнекамера
құрылғылары өніммен үйлесімді болмауы
мүмкін.
• Өнім FAT 16, FAT 32 және NTFS файл
жүйелерін қолдайды.
• USB құрылғыларын өнімнің USB портына
тікелей жалғаңыз. USB кабелі арқылы жалғау
үйлесімділік мәселелерін туғызуы мүмкін.
• Бірнеше ұялы карта оқу құрылғысына
бірнеше жад құрылғысы жалғанса, карта оқу
құрылғысы дұрыс істемеуі мүмкін.
• Өнім PTP протоколын қолдамайды.
• «Жүктеу» процесі кезінде USB құрылғысын
ажыратпаңыз.
• Бейне ажыратымдылығы неғұрлым үлкен
болса, оның көрсетілуіне соғұрлым ұзақ уақыт
кетеді.
• Бұл өнім коммерциялық тораптардан жүктеп
алынған DRM (сандық құқықтарды басқару)
құқықтары бар MP3 файлдарын ойната
алмайды.
• Өнім 30 кадр/с (кадр жиілігі) жылдамдығынан
аспайтын бейнелерді ғана қолдайды.
• Өнім флеш-құрылғылар мен USB HDD
құрылғылары сияқты USB ақпарат сақтау
класындағы (MSC) құрылғыларды ғана
қолдайды. (Хабқа қолдау көрсетілмейді.)
• Кейбір USB HDD құрылғылары, бірнеше карта
оқу құрылғылары және флеш-құрылғылар осы
өніммен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Кейбір USB құрылғылар шамадан тыс қуат
қажет етсе, олар тізбекті қорғау құралы
тарапынан шектелуі мүмкін.
• USB HDD құрылғысынан ойнату тұрақсыз
болса, HDD құрылғысын розеткаға қосу
арқылы қосымша қуатты қамтамасыз
етіңіз. Егер проблема жалғасса, USB HDD
өндірушісіне хабарласыңыз.
• USB жад құрылғысы бұзылмауы үшін, USB
сақтау құрылғысын қауіпсіз ажырату керек
(«
USB құр-н қауіпсіз шығару
» әрекетін
орындау арқылы).
Басты мәзірге өту үшін,
HOME
түймесін,
САРЫ (C)
түймені, одан кейін
E
түймесін
басыңыз.
• SAMSUNG компаниясы кез келген деректер
файлының зақымдалуына немесе деректердің
жоғалуына жауапты емес.
AVCHD
(Күрделі бейне кодек – жоғары айқындық)
• Бұл өнім AVCHD пішімді дискілерді ойната
алады. Бұл дискілер әдетте бейнекамераларда
жазылады және қолданылады.
• AVCHD пішімі – ажыратымдылығы жоғары
сандық бейнекамера пішімі.
• MPEG-4 AVC/H.264 пішімі әдеттегі сурет қысу
пішіміне қарағанда суреттерді жақсырақ қысады.
• Кейбір AVCHD дискілері «x.v.Colour» пішімін
пайдаланады. Бұл өнім «x.v.Colour» пішімін
пайдаланатын AVCHD дискілерін ойната алады.
• «x.v.Colour» – Sony корпорациясының сауда
белгісі.
• «AVCHD» және AVCHD логотипі – Matsushita
Electronic Industrial Co., Ltd. және Sony
корпорациясының сауда белгілері.
|
ЕСКЕРТПЕ
|
Жазылу жағдайларына байланысты кейбір AVCHD пішіміндегі
дискілер ойнатылмауы мүмкін.
AVCHD пішіміндегі дискілер пішімделуді қажет етеді.
«x.v.Colour» қалыпты DVD бейнекамерасы дискілеріне
қарағанда кеңірек түс ауқымын ұсынады.
Бейне ажыратымдылығы мен кадр жиілігі жағдайына
байланысты кейбір DivX, MKV және MP4 пішіміндегі дискілер
ойнатылмауы мүмкін.