![background image](/i/samsung/110122/samsung-ht-es4200k/h/samsung-ht-es4200k-084.png)
Қазақша
23
|
04
Параметрлер
Бастапқы параметрлерді орнату
процедурасы
•
Бастапқы параметрлер реттелмесе, Басты мәзір пайда
болмайды.
•
Бағдарламалық құралдың нұсқасын жаңартқаннан кейін
өнімнің OSD (Экрандағы дисплей) дисплейі өзгеруі мүмкін.
•
Таңдалған мәзірге қарай кіру қадамдары әртүрлі болуы
мүмкін.
1 .
Өнімді қосқаннан кейін теледидарды
қосыңыз, одан кейін өнімді қосыңыз.
Өнімді бірінші рет қосқанда, өнім Бастапқы
параметрлер тілі экранын автоматты түрде
көрсетеді.
2 .
Қажетті тілді таңдау үшін қашықтан
басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін
пайдаланыңыз, одан кейін
E
түймесін екі
рет басыңыз. Бастау экраны пайда болады.
3 .
Орнатуды бастау үшін
E
түймесін
басыңыз. Желі параметрлері экраны пайда
болады.
Бастапқы баптаулар > Желі параметрлері (1/5)
Алдыңғы
Өтк-у
Бұдан әрі
Ешқандай желі кабелі немесе Samsung Wireless LAN
Adapter адаптері жалғанбаған.
Желі кабелін немесе Samsung Wireless LAN Adapter
адаптерін жалғаңыз.
4 .
Желі кабелін қосыңыз немесе Samsung
сымсыз жергілікті желі адаптерін кіргізіңіз.
<Желі кабелі қосылған жағдайда>
Желі кабелі жалғанды.
Сымды желі параметрлерін реттеу үшін, Бұдан әрі
түймесін басыңыз.
Сымсыз желіге қосылу керек болса, Samsung Wireless
LAN Adapter адаптерін жалғаңыз.
Алдыңғы
Өтк-у
Бұдан әрі
Бастапқы баптаулар > Желі параметрлері (1/5)
5 .
Өнімнің сымды желі қосылымын орнату
үшін
E
түймесін басыңыз немесе
Өтк-у
параметрін таңдап, желіні орнатуды өткізу
үшін
E
түймесін басыңыз. Егер
Өтк-у
параметрін таңдасаңыз, 9-қадамға өтіңіз.
6 .
Егер қосылым сәтті болса, Connection
Complete (Қосылым аяқталды) экраны пайда
болады.
Бұдан әрі
тармағын таңдап,
E
түймесін басыңыз. Бағдарламалық құралды
жаңарту экраны пайда болады.
|
ЕСКЕРТПЕ
|
Егер қосылым сәтті болмаса,
Бұдан әрі
тармағын таңдап,
E
түймесін басыңыз. Бастапқы параметрлер іс рәсімін
аяқтағаннан кейін, өнімнің сымды желі қосылымын орнату
үшін 30-беттегі «Сымды желі» бөліміне өтіңіз.
7 .
Бағдарламалық құралды жаңарту үшін,
Қазір жаңарту
тармағын таңдап,
E
түймесін басыңыз. Жаңартуды өткізу үшін,
Кейін жаңарту
тармағын таңдап,
E
түймесін басыңыз және 9-қадамға өтіңіз.
|
ЕСКЕРТПЕ
|
Желіні орнатуды өткізсеңіз, бағдарламалық құралды
жаңартуды да өткізуіңіз керек.
8 .
Бағдарламалық құрал жаңартуы қол
жетімді болса, өнім жаңартуды қотарып,
орнатады. Бұл біраз уақыт алуы мүмкін.
Егер бағдарламалық құрал жаңартуы жоқ
болса, «
Жүктеп алуға болатын жаңа
бағдарламалық құрал жаңартулары
жоқ. Сізде ең соңғы жаңарту бар.
»
хабары пайда болады. Содан кейін,
E
түймесін басыңыз. Теледидардың кадр
пішімі экраны пайда болады.
Параметрлер