11
KAZ
ОРНАТУ
11
10
ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ
Осы құрылғыны қабырға кронштейннің көмегімен қабырғаға ілуіңізге болады.
ОРНАТУДЫҢ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
● Тек тік қабырғаға орнатыңыз.
● Орнату үшін температурасы немесе ылғалдылығы жоғары жерде, не болмаса құрылғы салмағын көтере
алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.
● Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса. Қабырғаны қатайтыңыз немесе
құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.
● Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе
анкер болттарын сатып алып, пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.
● Қабырғаға орнату бұрандаларын Soundbar жүйесі орнатылатын қабырғаның түрі мен қалыңдығына сай
сатып алыңыз.
-
Диаметрі: M5
-
Ұзындығы: L 35 мм немесе одан үлкенірегі ұсынылады
● Құрылғыны қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
● Орнатпас бұрын құрылғының сөніп және ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
5 см немесе
көбірек
1.
Орнату бағыттағышын қабырғаға жанастырып орналастырыңыз.
•
Орнату бағыттағышы тегіс болуы керек.
•
Теледидар қабырғаға орнатылса, теледидардан кемінде
5 см төмен орналастырыңыз.
2.
Бұрандалар қабырға арқылы өтетін жерді белгілеп, орнату бағыттауышын алыңыз. Одан кейін
бұрандалар үшін тиісті өлшемді бұрғы тісі салынған бұрғымен саңылаулар тесіңіз.
02853Z HW-J470-RU-KAZ-0325.indd 11
2015/4/8 9:39:05