![background image](/i/samsung/103257/samsung-rb-37j5250ef/h/samsung-rb-37j5250ef-043.png)
қауіпсіздік туралы ақпарат _05
ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН
КҮРДЕЛІ ЕСКЕРТУ
ШАРАЛАРЫ
• Электр бөлшектерінің дұрыс
изоляцияланбауы электр
тогының соғуына немесе
өрттің шығуына себеп болуы
мүмкін.
• Тоңазытқышты күн
сәулесі тікелей түсетін
жерге орналастырмаңыз
немесе пештерден, бөлме
жылытқыштардан немесе басқа
құрылғыдан келетін жылу көзіне
жақын қоймаңыз.
• Бірнеше құралды көп ұялы
ұзартқышқа қосуға болмайды.
Tоңазытқышты әрдайым
техникалық сипаттамасына
сәйкес келетін кернеуі бар электр
розеткасына жеке қосу керек.
- Осылайша оның жұмысын
жақсартып, үйдегі қуат көздерін
шамадан тыс жүктеуден
туындайтын өрт қаупінен
сақтануға болады.
• Егер қабырғадағы розетка бос
болса, электр ашасын сұқпаңыз.
- Электр тогы соғу немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Бойында немесе ұшында жарылған
немесе зақымдалған жерлері бар
сымды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ
• Қуат сымын шамадан тыс тартып,
майыстырмаңыз.
• Қуат сымын шамадан бұрап,
байламаңыз.
• Қуат сымын темір нәрсенің үстіне
ілмеңіз, сымның үстіне ауыр
нәрсе қоймаңыз, қуат сымын
заттардың арасына салмаңыз,
немесе құрылғының артына қарай
тықпаламаңыз.
- Тоңазытқышты қозғалтқанда,
қуат сымын басып қалмауын
қадағалаңыз немесе зақымдап
алмаңыз.
- Оның салдарынан электр тогы
соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың маңайында
аэрозольдар пайдаланбаңыз.
- Тоңазытқыш маңайында
аэрозольдар пайдалану жарылуға
немесе өрттің шығуына себеп
болуы мүмкін.
- Электр сымын қатты
майыстырмаңыз немесе оның
үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
• Бұл тоңазытқыш
пайдаланылмай тұрып,
нұсқаулыққа сәйкес
дұрыс орнатылуы және
орналастырылуы керек.
• Тоңазытқышты ылғал жерге
орнатпаңыз немесе су тиетін жерге
орналастырмаңыз.
DA68-02833R-18.indb 5
2015. 5. 9. �� 9:52