![background image](/i/samsung/15646/samsung-rs21hklmr-rs21hntrs-rs21hnlmr-rs21hdlmr-rs21hnlbg/h/samsung-rs21hklmr-rs21hntrs-rs21hnlmr-rs21hdlmr-rs21hnlbg-115.png)
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. _03
ҚАТЕРЛІ ҚАУІПТІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
• Тоңазытқышты ылғалды немесе су
тиетін орынға орнатпаңыз.
- Тоңазытқыштың электрлі бөліктерінің
оқшаулағыштарының нашарлауы электр тоғының
соғуына немесе өртке әкеліп соғады.
• Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түсетін немесе ас үй
пешінен, жылыту құралдарынан және басқа да құрал-
жабдықтардан жылу тарайтын жерлерге орнатпаңыз.
• Бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз.
Тоңазытқышты әрқашанда оның құжаттық
кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес келетін
номиналды кернеуіне есептелген ауыстырмалы тоқ
желісінің жеке розеткасына қосу қажет.
- Бұл тоңазытқыштың ары қарай жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар үйдегі
электр сымдарына күш түсіп, қатты қызуынан
өртке әкеліп соғатын жағдайлардың алдын алады.
• Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен
оқшаулық айырдың қысылып қалмағандығына
және зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.
• Желі шнурын қатты бүкпеңіз және оның
үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
- Ол тұтанып кетуі мүмкін.
• Егер желі шнурының ажыратқышы тозып кетсе немесе
басқа да зақымданулар алса, онда шнурды жөндеу
немесе ауыстыру үшін дереу өндіруші фирмаға немесе
қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
• Оқшаулығында жарықшақтар немесе шнурының
бойында немесе аяқтарының бірінде сызаттар бар
желі шнурын пайдаланбаңыз.
• Егер желі шнуры зақымданған болса, оны
ауыстыру үшін дереу өндіруші фирмаға немесе
оның қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
• Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі
шнурын тоңазытқыштың дөңгелегімен басып
кетпеңіз және желі шнурына зақым келтірмеңіз.
• Желі шнурының айырын розеткаға су қолдарыңызбен сұқпаңыз.
• Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің алдында
желі шнурының ажыратқыш айырын розеткадан суырыңыз.
• Ажыратқыш айырды тазалауда ешқашан су
немесе дымқыл шүберек қолданбаңыз.
• Ажыратқыш айырдың метал бөліктерінің үстін шаң
немесе басқа да заттардан тазалап отырыңыз.
- Ластанған айырды қолдану өртке әкеліп
соғуы мүмкін.
• Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылған
болса, айырды қайтадан розеткаға тығу үшін
кем дегенде он минуттай күту қажет.
• Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп
кетсе», оған желі шнурының айырын сұқпаңыз.
- Ол электр тоғының соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін желі шнурының
айыры қолжетерлік жерде тұруы қажет.
• Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде
жерге қосыңыз.
- Егер сіздің розеткаңыз жермен байланыстырылмаған
жағдайда білікті электр маманының кеңесіне жүгініңіз.
- Электр қуатының жойылуының немесе осындай жойылулар
нәтижесінде туындайтын тоқ соғуының алдын алу үшін
тоңазытқышты жермен дұрыс байланыстыру қажет.
• Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін газ
құбырларын, телефон желілерін немесе басқа да
инженерлік коммуникацияларды ешқашан пайдаланбаңыз.
- Жерге дұрыс байланыстырмау электр
тоғының соғуына алып келуі мүмкін.
• Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз
және жөндемеңіз.
- Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына және/
немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
• Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті
немесе түтінді сезсеңіз, онда желі шнурының айырын
дереу ажыратыңыз және Samsung компаниясының
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тоңазытқыштың корпусындағы немесе құрастырылу
бөлшектеріндегі желдеткіш тесіктерін жаппаңыз.
• Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты
дайындаушы ұсынған құралдардан басқа механикалық
құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.
• Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз.
• Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде дайындаушы ұсынғаннан
басқа ешқандай электр құралдарын пайдаланбаңыз.
• Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің
қарауынсыз тоңазытқышты пайдаланбауы керек.
• Балалардың тоңазытқышпен ойнамауын бақылаңыз.
• Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға
рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат алуы мүмкін.
• Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе осы
камерада жатқан азық-түліктерді су қолыңызбен ұстамаңыз.
- Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін.
• Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының
айырын розеткадан ажыратыңыз.
- Электр оқшаулығының нашарлауы өртке әкеліп соғуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың үстіне бөгде заттарды қоймаңыз.
- Есіктерді ашып жабу кезінде бұл заттар құлап
қалуы мүмкін, ол өз кезегінде жарақаттандыруға
немесе ол заттардың өздері зақымдануы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ БЕЛГІЛЕРІ
• Берілген бұйым тек азық-түліктерді үй
жағдайында сақтауға арналған.
• Азық-түліктерді өндіруші ұсынған мерзімі бойынша
сақтау қажет. Сәйкес нұсқаулыққа жүгініңіз.
• Тоңазытқыштың есігін ашқанда құлап қалмауы үшін
бөтелкелерді тығыз орналастырып сақтау қажет.
• Мұздату камерасына газдалған немесе
көпіршікті сусындарды салмаңыз.
• Мұздату камерасына бөтелкелерді немесе
басқа да шыны ыдыстарды қоймаңыз.
- Мұздату кезінде оның ішіндегілер шыныны сындырып,
нәтижесінде сіз жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
САҚТАНДЫРУ
ЕСКЕРТУ