Инструкция для SAMSUNG WF602U0BCSD

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

14_ Кір жуғыш машинаны орнату

Кір жуғыш машинаны 

орнату

ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ

Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру

Өртену, электр тоғының соғуы және жарақаттану қаупінің алдын алу үшін сымдар мен 

жерге байланыстыру ANSI/FNPA №70 стандарттарына және жергілікті нормалар мен 

ережелерге сәйкес орындалуы керек. Құрылғы иесі құрылғының электр жүйесіне дұрыс 

қосылуына өзі жауапты.

Ұзартқышты пайдалануға тыйым салынады. 

Кір жуғыш машинамен берілетін қуаттану кабелін ғана пайдаланыңыз.

Орнатуға дайындық кезінде электр қуаты желісінің төмендегі талаптарға сәйкестігін 

тексеріңіз:

• 

220-240В/50Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш

• 

Кір жуғыш машина басқа құрылғылар қосылмаған жеке қатарға қосылуы керек.

Кір жуғыш машина жерге байланыстырылуы керек. Кір жуғыш машина бұзылған немесе 

сынған жағдайда жерге байланыстыру электр тоғының соғу қаупін азайтады.

Егер кір жуғыш машина үш контактілі айырмен келсе, оны дұрыс орнатылған, жерге 

байланыстырылған розеткаға қосыңыз.

Жерге байланыстыруды пластик қабатқа, газ құбырларына, жылыту және су 

құбырларына қоспаңыз.

Жерге байланыстыру дұрыс жүзеге аспаған жағдайда электр тоғының соғуына әкелуі 

мүмкін.

Машинаны пайдаланар алдында кәсіби электрик жерге байланыстырудың дұрыс 

орындалғанын тексеру керек. Кір жуғыш машинамен бірге алынған айырды 

ауыстырмаңыз. Егер айыр розеткаға сәйкес келмесе, кәсіби электриктен сәйкес келетін 

розетка орнатып беруін сұраңыз.

Су жіберетін шлангті қосу

Су қысымы 50-800 кПа болған кезде кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істейді. Су қысымы 

50 кПа-дан төмен болса су клапаны толығымен жабылмай, істен шығуы мүмкін. Сондай-

ақ кір жуғыш машинаның сумен толуы рұқсат етілген уақыттан ұзақ болуы салдарынан, 

құрылғы өшіп қалуы мүмкін. (Ішкі шлангтің жарылып кетуінен судың толып кетуін және су 

басып кетуін болдырмау үшін кір жуғыш машинаның басқару жүйесіне уақыт шектеуіші 

қойылған)
Су құбыры крандары кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан 120 см –ден аспайтын 

қашықтықта болуы керек: бұл жағдайда қосылу үшін кір жуғыш машинамен бірге 

жеткізілген су жіберетін шлангтың ұзындығы жеткілікті болады. 

Егер шланг ұзындығы жеткіліксіз болса, қажет ұзындықтағы шлангті (305 см дейін) 

шаруашылық дүкенінен ала аласыз.
Судың ағып кету қаупін азайту үшін:
•  крандарға ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етіңіз;

•  кір жуғыш машина пайдаланылмаса, крандарды жауып жүріңіз;

•  су ағып кетпегендігін үнемі тексеріп тұрыңыз.
Ескерту. Кір жуғыш машинаны алғаш пайдаланардың алдында барлық 

шлангтерден, клапандардан және крандардан судың ағып тұрмағандығына көз 

жеткізіңіз.

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
145
146
147
148
149
150
151
152
153
154
155
156
157
158
159
160
161
162
163
164
165
166
167
168
Оглавление инструкции

Document Outline