Инструкция для SAMSUNG WW90J6410EW

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

10

  Қазақша

Қауіпсіздік т

уралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, 
тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.

• 

Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам 
жарақаттануы мүмкін.

Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.

• 

Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы немесе 
құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Электрмагнитті өріс шығаратын заттарды кір жуғыш машинаның қасына қоймаңыз.

• 

Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.

Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады. Суға қол 
тигізбеңіз.

• 

Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда осындай заттарды жууға 
арналған арнайы цикл болмаса жумаңыз.
(*): Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғылары, балықшы күртешесі, 
шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны 
т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.

• 

Қалың немесе қатты матрацтарды, затбелгісінде ‘’кір жуғыш машинамен жууға болады’’ деп 
көрсетілсе де жумаңыз. Қалыптан тыс дірілдеудің әсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға, 
еденге немесе киімге нұқсан келуі мүмкін.

• 

Еден сүрткіштерді немесе резеңкемен астарланған аяқ сүрткіштерді жумаңыз. Резеңке 
астары алынып, барабанға жабысып қалып, су төгуге байланысты ақаулықтар пайда болуы 
мүмкін.

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса қоспаңыз.

• 

Аққан судың әсерінен электр қатері пайда болуы не адам жарақат алуы мүмкін.

Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз, себебі 
ыстық.

• 

Күйіп қалуыңыз мүмкін.

Қолыңызды жуғыш зат қорапшасына салмаңыз.

• 

Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.

• 

Сұйық жуғыш зат бағыттауышын (тек қолданылатын үлгілер) ұнтақ жуғыш затқа 
қолданылмайды. Ұнтақ жуғыш зат қолдансаңыз, бағыттауышты алып тастаңыз.

Кір жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы, 
жануарлар) салмаңыз.

• 

Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, олар қалыптан тыс 
айналдыру себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
145
146
147
148
149
150
151
152
153
154
155
156
157
158
159
160
161
162
163
164
165
166
167
168
169
170
171
172
173
174
175
176
177
178
179
180
181
182
183
184
185
186
187
188
189
190
191
192
193
194
195
196
197
198
199
200
201
202
203
204
205
206
207
208
209
210
211
212
213
214
215
216
217
218
219
220
221
222
223
224
225
226
227
228