аммиакты сұйықтықтарды бүркімеңіз.
• Фото жақтаудың тік жарықтың немесе жылу шығаратын құрылғылардың
әсер ету аймақтарына түсуіне жол бермеңіз, бұйымды шаңды немесе түтінді
ортаға қоймаңыз.
• Фото жақтауды өз бетіңізше бөлшектемеңіз, жөндемеңіз.
• Фото жақтауға қосылатын жинақтағыштардың жадында сақталған
файлдардың көшірмелерін жасаңыз, өйткені біздің компания мұндай
деректердің кез келген жоғалуларына жауап бермейді.
• Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында орам материалдарын,
батареяларды және жарамсыз электрондық өнімдерді бөлек лақтыруыңызды
сұраймыз.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Фото жақтауды бірінші рет қоспай тұрып, фото жақтауды жұмысқа дайындау
әрекеттерінің ретімен мұқият танысыңыз.
1. Фото жақтауды орамнан шығарыңыз, дисплейден қорғағыш қабықты
шешіңіз.
2. Тұрғыны орнатыңыз.
3. Желілік адаптерді алдымен фото жақтауға, содан кейін электр қуатының
желісіне қосыңыз. Желілік адаптерін электр қуатының желісіне оңай қосуға
және одан өшіруге болады.
4. Жақтау автоматты түрде қосылады.
Бірнеше секунд күте тұрыңыз. Дисплейде экран сақтағышы пайда болады,
содан кейін слайд-шоу режимінде кескіндерді автоматты түрде көрсету
басталады.
ҚУАТТЫ ҚОСУ ЖӘНЕ ӨШІРУ
Фото жақтаудың қуатын қосу үшін желілік адаптерді алдымен фото жақтауға,
содан кейін электр қуатының желісіне қосыңыз, фото жақтау автоматты түрде
қосылады.
Жақтаудың қуатын қосу үшін
ОК
түймесін басып тұрыңыз.
Желілік адаптер қосулы кезде фото жақтауды қосу үшін де
ОК
түймесін
басып тұрыңыз.
ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАСЫ
Қуатты қосқанда фото жақтау слайд-шоу режиміне автоматты түрде кіреді.