44
• Фото жақтауды өз бетіңізше бөлшектемеңіз, жөндемеңіз.
• Фото жақтауға қосылатын жинақтағыштардың жадында сақталған
файлдардың көшірмелерін жасаңыз, өйткені біздің компания мұндай
деректердің кез келген жоғалуларына жауап бермейді.
• Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында орам материалдарын,
батареяларды және жарамсыз электрондық өнімдерді бөлек
лақтыруыңызды сұраймыз.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Фото жақтауды бірінші рет қоспай тұрып, фото жақтауды жұмысқа
дайындау әрекеттерінің ретімен мұқият танысыңыз.
1. Фото жақтауды орамнан шығарыңыз, дисплейден қорғағыш
қабықты шешіңіз.
2. Тұрғыны орнатыңыз.
3. Желілік адаптерді алдымен фото жақтауға, содан кейін электр
қуатының желісіне қосыңыз. Желілік адаптерін электр қуатының желісіне
оңай қосуға және одан өшіруге болады.
4. Жақтау автоматты түрде қосылады.
Бірнеше секунд күте тұрыңыз. Дисплейде экран сақтағышы пайда
болады, содан кейін слайд-шоу режимінде кескіндерді автоматты түрде
көрсету басталады.
ҚУАТТЫ ҚОСУ ЖӘНЕ ӨшІРУ
Фотожақтауды қоректендіруді қосу үшін желілік адаптерді алдымен
фотожақтауға, содан кейін электр қоректендіру желісіне қосыңыз,
қоректендіруді қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын
«ON»
күйіне апарыңыз,
фотожақтау қосылады.
Қоректендіруді өшіру үшін фотожақтаудағы қоректендіруді қосу/
өшіру үшін түймешігін, ҚБ пультіндегі
POWER
түймешігін басыңыз.
Фотожақтау қорегі өшірілген.
Фотожақтауды қайта қосу үшін қайтадан фотожақтаудағы немесе ҚБ
пультіндегі түймешігін басыңыз.
ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАСЫ
ҚБ пультін пайдалана бастау алдында батареядан қорғаныс үлдірін
алып тастап, батареяның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Бөгде заттардың фотожақтаудағы ҚБ пультінің сигналын қабылдау
қадағасын жаппайтындығын тексеріңіз.
Қоректендіруді қосқанда фотожақтау автоматы түрде слайд-шоу