33
ЖИЫНТЫҚТЫҚ
1. Цифрлық фотожақтау ..................................................................1 дана
2. Пайдалану бойынша нұсқаулық ................................................. 1 дана
3. Желілік адаптер ...........................................................................1 дана
4. Кепілдік талоны ............................................................................1 дана
ФОТО ЖАҚТАУДЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
• Фото жақтауды температуралардың тым қатты өзгерулерінің
(35°С-ден жоғары және 5°С-ден төмен) әсер ету аймақтарынан аулақ
ұстау керек.
• Фото жақтауды тек қатты, тегіс және қозғалмайтын бетке
орнатыңыз, бұл құрылғының құлауын болдырмауға мүмкіндік береді.
• Фото жақтаудың ұяшықтарына бөгде заттардың түсуіне жол
бермеңіз, оған ауыр заттар қоймаңыз және құрылғыға химикаттарды
тигізбеңіз.
• Фото жақтаудың дисплейіне және пластик элементтеріне спиртті
және аммиакты сұйықтықтарды бүркімеңіз.
• Фото жақтаудың тік жарықтың немесе жылу шығаратын
құрылғылардың әсер ету аймақтарына түсуіне жол бермеңіз, бұйымды
шаңды немесе түтінді ортаға қоймаңыз.
• Фото жақтауды өз бетіңізше бөлшектемеңіз, жөндемеңіз.
• Фото жақтауға қосылатын жинақтағыштардың жадында сақталған
файлдардың көшірмелерін жасаңыз, өйткені біздің компания мұндай
деректердің кез келген жоғалуларына жауап бермейді.
• Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында орам материалдарын,
батареяларды және жарамсыз электрондық өнімдерді бөлек
лақтыруыңызды сұраймыз.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Фото жақтауды бірінші рет қоспай тұрып, фото жақтауды жұмысқа
дайындау әрекеттерінің ретімен мұқият танысыңыз.
1. Фото жақтауды орамнан шығарыңыз, дисплейден қорғағыш
қабықты шешіңіз.
2. Тұрғыны орнатыңыз.
3. Желілік адаптерді алдымен фото жақтауға, содан кейін электр
қуатының желісіне қосыңыз. Желілік адаптерін электр қуатының
желісіне оңай қосуға және одан өшіруге болады.
4. Жақтау автоматты түрде қосылады.