![background image](/i/texet/153551/texet-tx-d5405a/h/texet-tx-d5405a-043.png)
42
сигналды естисіз. Бұл сигнал тұтқаны негізгі блокқа орнатқан
сайын естіледі. Дисплейде тұтқаның атауы және негізгі блокта
тіркелген нөмірі көрсетіледі.
Аккумуляторларды зарядтау кезінде желілік сымды
абоненттік желіге қоспау ұсынылады. Әйтпесе кіріс қоңыраулар
аккумуляторлардың толығымен зарядталуына кедергі
жасайды.
Желілік сымның бір айырын негізгі блоктың артқы бүйірлік
бетіндегі желілік сымға арналған розеткаға, ал екіншісін
телефондық желінік абоненттік желісіне қосыңыз.
Телефондық желіге қосқанда және басқа желілік сымды
сатып алғанда сымның екі айырында да пайдаланылатын
түйіспелерге назар аударыңыз. 2 орталық түйіспені қолдану
керек.
ШЫҒЫС ҚОҢЫРАУ ШАЛУ.
түймесін басыңыз, АТС сигналын естігенде нөмірді
теріңіз. Нөмір ұзындығы шектелмеген.
Я болмаса алдымен нөмірді (20-дан көп емес цифр) теріңіз.
Егер нөмірді теру кезінде қателессеңіз, дұрыс емес терілген
цифрды жою үшін басыңыз. Қысқа уақыт бойы бассаңыз
соңғы цифр жойылады, ұзақ бассаңыз бүкіл терілген реттілік
жойылады. Нөмірді теруді қайталаңыз, содан кейін
түймесін басыңыз. Нөмір автоматты түрде теріледі.
Қоңырау барысында және ол аяқталғаннан бірнеше
секундтан кейін дисплейде қоңыраудың ұзақтығы көрсетіледі.
Қоңырауды аяқтау үшін түймені басыңыз немесе тұтқаны
негізгі блокқа қойыңыз.
АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ (АККУМУЛЯТОРЛЫҚ БАТАРЕЯНЫ)
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
• Аккумуляторлардың сипаттамалары қалыпты бөлме
температурасы (20±5°С) жағдайларында ең жақсы болады.
• Аккумуляторларды тек мақсатына сай пайдаланыңыз.
• Дұрыс қосуды қамтамасыз ету үшін аккумулятордағы және
бұйымдағы полярлық белгісіне назар аударыңыз.