![background image](/i/texet/151836/texet-x-basic-2-tm-4272/h/texet-x-basic-2-tm-4272-047.png)
46
Пайдаланылуы бойынша нұсқаулық
Берілген құрылғы ұялы қолданысқа арналған және
өндірілген. Төмендегі пайдаланылуы бойынша нұсқаулық
материалдық құндылықтарды және адам қауіпсіздігін қауіп-
қатерсіз құрылғыларды дұрыс қолдануға және терминалдың
жұмыс қалпын сақтау үшін Сізге көмек көрсете алады. Осы
тараумен мұқият танысыңыз және келтірілген нұсқауды қатаң
сақтаңыз.
Қуат жинақтаушы және қуаттау құрылғысын қолдану
ережесі
• Желілік қуаттау құрылғысын (ЖҚҚ) қыздыруға және
түрлендіруге, бөлшектеуге, сонымен қатар олардың
байланысының қысқа мерзімге тұйықталуын болдыруға тыйым
салынады;
• ЖҚҚ өткізгіш сымын түрлендіруге, бүлдіруге, кесуге, соны-
мен қатар қысуға немесе олардың үстіне ауыр заттарды қоюға
болмайды. Кез келген осы тектес әрекеттер қысқа мерзімге
тұйықталуына және электрлік тоқтың немесе өрттің пайда бо-
луына әкеліп соқтырады;
• Тек қана өзіңіздің смартфоныңызға сәйкес келетін қуат
жинақтаушы мен қуаттау құрылғысын қолданыңыз. Өндірушінің
берілген жабдықтарына арналған ұсыныстардан басқа
жинақтамаларды, қосалқы заттар мен құрал-жабдықтарды
пайдалану құрылғының және оның иесінің қауіпсіздігіне қатер
төндіреді;
• Құрылғыны қуаттау үшін бүлінген желілік электр сымдарын
және штепсельді ашаны, сонымен қатар қабырғаға орнықсыз
бекітілген розеткаларды қолданбаңыз;