![background image](/i/texet/151229/texet-x-medium-plus-tm-4872/h/texet-x-medium-plus-tm-4872-049.png)
48
Құрылғыны сөндіру
Құрылғыны толық сөндіру үшін «Құрылғыны қосу/сөндіру»
пернесін 3 секунд бойы ұстап тұрып басыңыз, осыдан кейін
мәзірде пайда болған «Қоректі ағыту» тармағын таңдаңыз.
Осы мәзірде құрылғыны қайта жүктеп, смартфонды полет
режиміне ауыстырып, дыбыс пішінін өзгерте аласыз.
Қоңыраулар
Барлық келетін, кететін және қабылданған қоңыраулар
«Қоңыраулар» мәзір бөлімінде сақталады. Берілген мәзірге
кіруге мүмкіндік алу үшін телефон тұтқасы бейнеленген
пернені басу қажет.
Көргіңіз келген қоңырау түрі туралы ақпаратты жоғарғы
тақтадан таңдап ала аласыз (барлық келетін, кететін,
қабылданған).
«Қоңыраулар» мәзірінен қабылданбаған, қабылданған
және терілген қоңырауды, болмаса жаңа нөмірді қолмен
теріп тез жүзеге асыруға болады.
Өзіңіздің қалауыңызға сәйкес құрылғыны бастапқы
мәзірдегі «Баптаулар» тармағы арқылы баптауға болады.
Баптаулар мәзіріне кіру мүмкіндігін алу үшін «Баптау-
лар» мәзірін «Барлық қосымшалар» мәзіріне кіру арқылы
таңдайсыз.
«Баптаулар» мәзір тармақтары қызметтік ерекшеліктеріне
сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге іріктелінген.
Баптаулардың қысқаша сипаттамасы әрбір бөлімнің
тармағының қасында берілген.
Құрылғы баптауы және мәзірі
Қоңыраулар мен хабарламалар