![background image](/i/texet/156570/texet-x8-tm-5092/h/texet-x8-tm-5092-044.png)
43
• Тек қана өзіңіздің смартфоныңызға сәйкес келетін қуат
жинақтаушы мен қуаттау құрылғысын қолданыңыз. Өндірушінің
берілген жабдықтарына арналған ұсыныстардан басқа
жинақтамаларды, қосалқы заттар мен құрал-жабдықтарды
пайдалану құрылғының және оның иесінің қауіпсіздігіне қатер
төндіреді;
• Құрылғыны қуаттау үшін бүлінген желілік электр сымдарын
және штепсельді ашаны, сонымен қатар қабырғаға орнықсыз
бекітілген розеткаларды қолданбаңыз;
• ҚЖБ және ЖҚҚ жоғары ылғалдылық жағдайында қолдануға,
суға салуға және құрылғыны ылғалды қолмен ұстауға тыйым
салынады;
• Қызметін өтеген ЖҚҚ пайдалану ЖҚҚ өндіруші нұсқауына
және жергілікті заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырыла-
ды. ЖҚҚ өрттеу жолымен жоюға тыйым салынады. ЖҚҚ міндетті
түрде пайдаланыңыз. Литий – ионды қуат жинақтаушыны
қауіпсіз пайдалану туралы мәліметті жақын маңдағы арнайы
қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
Ескерту:
Өндіруші көрсетілген сипаттамасынан басқа қуат
жинақтаушы құрылғыларды құрастыру құқығына ие.
Смартфонды қолдану ережесі:
• Смартфонды қолдануға тыйым салынған және ұсынылмаған
жерлерде сөндіріп тастаңыз. Кейбір жерлердегі смартфон-
ды қолдануға қойылған барлық шектеулер, ұйғарымдармен
танысыңыз;
• Көлік жүргізу кезіндегі смартфонды қолданудың барлық
ережелерін және алдын – ала ескертулерді сақтаңыз.
Мүмкіндігінше рөлде болған кезде, әңгімелесуден бас
тартыңыз;
• Смартфонға ылғалдың түспеуін қадағалаңыз. Әртүрлі типтегі
ылғал мен сұйықтық смартфонның электрлік үлгілері мен оның
басқа да маңызды құрамдас бөліктерін зақымдауы мүмкін;
• Лас және шаң жерлерде смартфонды сақтамаңыз және
қолданбаңыз. Шаң смартфонның жұмыс ретінің бұзылуына
әкеліп соқтырады;