ҚАЗАҚ
32
Батареядан қуаттану
1. Магнитоланы желіден ажыратыңыз
2. Магнитоланың артындағы батарея
бөліміннің қақпағын ілмегіне басып
ашыңыз.
3. UM-2/R 14/ C типтегі 8 батареяны (жеткізу
топтамасына кірмейді) полярлығын сақтай
отырып батарея бөліміне салыңыз.
4. Батарея бөлімінің (11) қақпағын жабыңыз
Назар аударыңыз!
Батареялардың тесілуі құрылғының
зақымдануына себеп болуы мүмкін. Оның
алдын алу үшін, төмендегі ережелерді
ұстаныңыз:
- құрылғыдағы белгілерге сәйкес
полярлығын сақтай отырып батареяларды
дұрыс орналастырыңыз.
- Әртүрлі батареяларды бірге
орналастырмаңыз (ескі мен жаңаны,
әртүрлі және т.б.)
- Егер құрылғы ұзақ мерзімде
қолданылмайтын болса батареяларды
шығарып қойыңыз.
Негізгі функциялары
1. Ауыстырғыштың (4) көмегімен жұмыс
тәртібін таңдаңыз:AUX (MP3), TAPE (OFF),
RADIO.
2. Қалаған дыбыс деңгейін орнату
үшін дыбысты реттейтін тұтқаны (1)
қолданыңыз.
Назар аударыңыз! Егерде құрылғыны
қолданбасаңыз қуатты өнімдеу
мақсатында тәртіп ауыстырғышты OFF
жағдайына орнатыңыз.
Радиостанцияларды қабылдау
1. Жұмыс тәртібін ауыстырғышты RADIO
жағдайына орнатыңыз.
2. BAND диапазон ауыстырғышын сәйкес
жағдайға орнатып FM, AM немесе FM ST
(FM стерео) қалаған диапазоныңызды
таңдаңыз.
Стереобелгі беретін станцияға
бапталғанда FM ST индикаторы жанады.
3. Радиостанцияларды баптайтын TUNING
тұтқасын бұрап , қалаған радиостанцияны
таңдаңыз.
4. FM диапазонында қабылдауды
жақсарту үшін толқынжиманы толық
шығарып, қажетті бұрышта орнатыңыз.
AM диапазонында қабылдау үшін
магнитолада толқынжима орнатылған ,
AM диапазонында қабылдауды жақсарту
үшін магнитоланың орналасуын бірнеше
рет ауыстырып көріңіз.
5. Тыңдап болғаннан кейін жұмыс тәртібін
ауыстырғышты OFF жағдайына
орнатыңыз немесе басқа жұмыс тәртібін
таңдаңыз.
BASS төменге жиіліктерді күшейту
Төменгі жиіліктерді күшейту үшін BASS
түймешесін басыңыз, сонда оған сәйкес
индикатор жану керек. Төменгі жиіліктерді
күшейтуді жою үшін түймешені қайта
басыңыз, индикатор сөнеді.
Таспаны ойнату
Жұмыс тәртібін ауыстырғышты TAPE
жағдайына орнатыңыз.
1. STOP/EJ түймешесін басып, таспаны
таспақабылдағышқа салыңыз.
2. Таспақабылдағышты жабыңыз.
3. Таспаны ойнату үшін PLAY түймешесін
басыңыз.
4. Сәйкес тұтқаның көмегімен дыбыс
деңгейін реттеңіз.
5. Ойнатуды кідірту үшін PAUSE түймешесін
басыңыз.
6. Ойнатуды тоқтату үшін STOP/EJ
түймешесін басыңыз.
7. Алға/ артқа жылдам айналдыру үшін
F.FWD/REW сәйкес түймешелерін
қолданыңыз.
8. Ойнату аяқталғаннан кейін таспаны ойнату
автоматты түрде тоқтайды.
9. Таспаны шығару үшін STOP/EJ түймешесін
басып, таспаны таспақабылдағыштан
шығарыңыз.
Ескерту! Таспа механизмін немесе лентаны
зақымдамау үшін әрбір операциядан кейін
міндетті түрде STOP/EJ түймешесін басыңыз.
Жазу
Жалпы мәліметтер
Егерде Сіз үшінші тұлғаның авторлық хұқығын
бұзбаған жағдайда, таспаға жаза аласыз.
Жазу үшін СHROME (IEC II) немесе METAL
(IV) типтегі таспаларды қолдануға болмайды,
жазу блокировкасы алынбаған NORMAL (IEC
I) типтегі таспаларды қолданыңыз.
Жазуды сақтау үшін сәйкес блокировканы
алып тастаңыз, бұдан кейін таспаның бұл
бетінде ешнәрсе жазуға болмайды. Таспаның
VT-3951IM.indd 32
27.01.2014 14:34:19