•
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5
бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға
тиіс.
•
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
•
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
•
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
•
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
•
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
•
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
• Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы әсер
ететін жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе
электршіге хабарласыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
www.zanussi.com
3