ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен құрылғыны дұрыс іске қосу үшін,
оны орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де осы нұсқаулық
құрылғымен бірге болсын. Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның
қауіпсіздік функциялары мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс.
Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен қолдануға байланысты туындаған
ақаулықтар үшін жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан аулақ ұстаңыз.
Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе өзге тұрақты
түрде жарамсыз болып қалу қаупі бар.
• Құрылғының балалардан құрсаулау тетігі не түймешікті құрсаулау тетігі
болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының
құрылғыны байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
• Бұл өнімді өзгертуге не оның техникалық сипаттарына өзгеріс енгізуге
болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем материалдарының барлығын алыңыз.
• Пісіру алаңдарын әр қолданып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
• Құрылғы тек үйде ғана қолдануға арналып шығарылған.
• Құрылғының үстін жұмыс алаңына не зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
• Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Өрт шыққан
жағдайда құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл қақпағымен сөндіріңіз ,
оны ешқашан сумен сөндіруге болмайды.
• Күйіп қалу қаупі бар! Пісіру алаңына металл заттарды, мысалы ас
құралдары мен кастрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып
кетеді.
• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
• Шойын, алюминийден жасалған, не түбіне нұқсан келген ыдыстарды
әрі-бері сырғытсаңыз, керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3