![background image](/i/aeg/130380/aeg-11365gm-m/h/aeg-11365gm-m-006.png)
Электр желісіне жалғау
•
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық тақтайшадағы электр параметрлерінің желі
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы ғана қолданыңыз.
• Көп тармақты ашаларды, қосқыштарды және ұзартқыш кабельдерді
қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
• Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғы кез келген полюсте контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік беретін құралмен жабдықталуға
тиіс.
• Қорек сымы мен ашаның құрылғының арт жағында жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатып болған соң да ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан сымының ашасынан
ұстап ағытыңыз.
• Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс түрін қолдану қажет: оларға
айырып-қосқыштар, сақтандырғыштар (бұралмалы
сақтандырғыштарды ұясынан алу қажет ), жерге қосу және контакт
құралдары жатады.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Газға қосу
• Құрылғы қасындағы желдеткіштің жақсы жұмыс істейтініне көз
жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті берілмеуі, оттегі тапшылығын туғызуы
мүмкін.
• Газдың берілуі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген газ
түріне сай келетініне көз жеткізіңіз, "Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
• Бұл пеш жану өнімдерін кетіретін құрылғыға жалғанбаған. Бұл пеш
қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатылып, желіге қосылуға
тиіс. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше назар
аудару керек.
• Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас бөлмедегі желдеткіштің жақсы
жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз: табиғи жолмен желдетілетін
саңылауларды ашып қойыңыз не механикалық желдету құралын
орнатыңыз (механикалық тартқыш құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар
болса, деңгейін көтеру) керек.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар