Кері санақ аяқталған кезде
бағдарлама басталады да,
орындалып тұрған циклдың
индикаторы жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
1. Multitab және Delay түймешіктерін
дисплейде бағдарлама
ұзақтығының индикаторы
жыпылықтап, цикл индикаторлары
жанғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
1. Multitab және Delay түймешіктерін
дисплейде бағдарлама
ұзақтығының индикаторы
жыпылықтап, цикл индикаторлары
жанғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Дисплейде 0 пайда болады да, цикл
индикаторлары сөнеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше
минут өткенде Auto Off
функциясы құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді.
Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі.
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз.
Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдысты
алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен
есігіне су тұруы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыс-аяққа
қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне
жаман әсер етуі мүмкін минералдар
өте көп мөлшерде кездеседі. Су
жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз
су жұмсартқышты таза, жақсы
қалыпта ұстайды. Су жұмсартқыштың
дұрыс деңгейін орнатқан маңызды.
Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш
машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз
етеді.
8.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш
зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ
қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
12 www.aeg.com