Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға
жолдаңыз.
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып
қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Multitab функциясын
бағдарламаны орнатуға
кіріспей тұрып іске қосыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде функцияны іске
қоса алмайсыз.
5.1 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш
таблеткаларды қолданғанда ғана іске
қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды
ағызбай тоқтатады. Тиісті
индикаторлар сөнеді.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
• Multitab түймешігін басыңыз, тиісті
индикатор жанады.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат
мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке
қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішінің толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат
қолданбай және ыдыс салмай
орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
жердегі судың кермектігіне
лайықтап қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған
деңгейі тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін, жергілікті сумен
жабдықтау мекемесіне хабарласып
біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің
қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды
тазалау үшін бағдарламаны
бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
8
www.aeg.com