![background image](/i/aeg/143499/aeg-l585370tl/h/aeg-l585370tl-022.png)
• Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
• Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
• Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
• Егер сұйық жуғыш затты
қолдансаңыз, алдын ала жуу циклін
орнатпаңыз.
• Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.
10.4 Қоршаған ортаға
қатысты ескерім
Қоршаған ортаны сақтауға өз
үлесіңізді қосу үшін су мен қуатты аз
қолданып, мына нұсқауларды
орындаңыз:
• Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
• Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін
бастаңыз.
• Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде,
қажет болса дақ кетіргішті
қолданыңыз.
• Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз
10.5 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Қолданылатын құралдардың
орамында көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Судың кермектігін өлшейтін балама
өлшем бірліктерге мыналар жатады:
• Неміс градусы (dH°).
• Француз градусы (°TH).
• ммоль/л (миллимоль/литр: судың
кермектігін өлшейтін халықаралық
бірлік).
• Кларк градусы.
Су кермектігі кестесі
Деңгей
Түрі
Судың кермектігі
°dH
°T.H.
ммоль/л
Кларк
1
жұмсақ
0-7
0-15
0-1.5
0-9
2
орташа
8-14
16-25
1.6-2.5
10-16
3
кермек
15-21
26-37
2.6-3.7
17-25
4
өте кермек
> 21
> 37
>3.7
>25
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалар алдында тоқтан
ажыратыңыз.
11.1 Қақты тазалау
Біз қолданатын судың құрамында әк
болады. Қажет болса, әкті тазалау
үшін су жұмсартқышты қолданыңыз.
22 www.aeg.com