![background image](/i/aeg/143499/aeg-l585370tl/h/aeg-l585370tl-025.png)
4.
Құрылғының артындағы су құятын
түтікті алыңыз.
5.
Клапандағы сүзгіні қатты
шөткемен немесе сүлгімен
тазалаңыз.
90˚
6.
Су құятын түтікті қайта орнына
орнатыңыз. Су құбыры
жалғастырғыштарының су
ақпайтындай берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
7.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
11.7 Суды тосын жағдайда
төгу
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды
төге алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, 'Су төгу
сүзгісін тазалау' тарауындағы (1)
бастап (3) дейінгі қадамдарды
орындаңыз.
Қажет болса, сүзгіні тазалаңыз.
Су төгу сүзгісін орнына қойып, су
төгетін сүзгінің ашқышын жабыңыз.
11.8 Мұз қатуға қарсы сақтық
шаралары
Құрылғы температурасы 0 °C
градустан төмен түсетін жерге
орнатылса, су құятын және төгетін
түтіктердегі, су төгетін сорғыдағы
қалған суды төгіңіз.
1.
Судың шүмегін жауып, су құятын
түтігін ағытыңыз.
2.
Су құятын түтіктің ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
3.
Су төгу бағдарламасын таңдап,
оны циклдің соңына дейін
орындаңыз.
4.
Бағдарлама тетігін Тоқтату
қалпына қойып, құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
5.
Құрылғыны ажыратыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз
жеткізіңіз.
Төмен температураға
байланысты орын алған
ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
ҚАЗАҚ
25