![background image](/i/asko/103438/asko-cw41238g/h/asko-cw41238g-028.png)
KK 6
ПАЙДАЛАНУ
Басқару
Сору мүмкіндігін іске қосу және өшіру
• «+» (8) түймесін басыңыз.
Плита үстіндегі сорғыш құрылғы ең төменгі параметрде іске
қосылады.
• Жоғарырақ сору параметріне орнату үшін, «+» түймесін (8) қайта
басыңыз. Ең жоғарғы параметрді (көбейту) таңдау үшін, «+»
түймесін (8) 2 секундқа басып тұрыңыз (интенсивті параметрді
іске қосуды қараңыз).
Сору параметрін 1-ден 5 немесе 9-ға дейінгі (үлгісіне
байланысты) жылдамдықтар аралығында орнатуға болады.
• Төменгі параметрді таңдау үшін, «–» түймесін (2) басыңыз.
Сору параметрі дисплейде (5) көрсетіледі.
• Егер сору параметрі 1 мəніне орнатылса, плита үстіндегі сорғыш
құрылғыны «–» түймесін (2) жылдам басу жəне босату арқылы
өшіре аласыз.
• Плита үстіндегі сорғыш құрылғының кез келген параметрінен
өшіру үшін, «–» түймесін (2) кем дегенде 2 секундқа басып
тұрыңыз.
Айналым параметрлерінің санын өзгерту (9 айналым
параметрі бар үлгі)
9 айналым параметрі (стандарт) немес 5 айналым параметрі
арасынан таңдауыңызға болады.
• «–» түймесін (2) жəне «+» түймесін (8) кем дегенде 5 секундқа
басып тұрыңыз.
Бұл 5 айналым параметрі опциясын таңдайды. 9 айналым
параметрі опциясын таңдау үшін, «–» түймесін (2) және «+»
түймесін (8) кем дегенде 5 секундқа қайта басып тұрыңыз.
Жарықты іске қосу және өшіру
• Жарық түймесін (1) тез басып, босатыңыз.
Жарық максималды қарқындылықпен іске қосылады.
• Жарық қарқындылығын орнату үшін, жарық түймесін (1) басып
тұрыңыз.
• Шамды өшіру үшін шам қосулы кезде жарық түймесін (1)
жылдам басып босатыңыз.
Жарық максималды қарқындылықтан минималды
қарқындылыққа дейін және керісінше өзгереді.