KK 10
Кассеталық сүзгіні алу
1
Мотор мен жарықты өшіріңіз.
2
Шыны тақтаның алдыңғы жағын екі қолыңызбен ұстап, оны
қақпақтың сыртына қарай (кішкене күш қосу арқылы) абайлап
тартыңыз. Шыны тақтаны төмен қарай еңкейтіңіз.
3
Сүзгіге қатынасу есігін ашыңыз.
4
Сүзгіні сорғыш құрылғыдан алыңыз.
Тазалау
Сүзгілер ыдыс-аяқ жуатын машинада тазалануы тиіс. Орнына
қоймас бұрын сүзгілердің құрғауына мүмкіндік беріңіз.
Сонымен қатар, сүзгілерді қолмен де тазалауға болады.
Сүзгілерді ыдыс жуатын сұйықтықпен сабынды суда тазалап,
шайыңыз. Нұсқаулар үшін 9-бетті көріңіз. Сүзгілерді жақсылап
құрғатыңыз. Сорғыш құрылғының астыңғы жағын жұмсақ тазалау
құралымен жəне дымқыл матамен тазалауға болады. Майлықпен
немесе құрғақ асүйлік орамалмен құрғатыңыз.
Кассеталық сүзгіні орнына қою
Сүзгі жанындағы құлыптау механизмі арқылы орналастырылуы
тиіс. Сүзгі люгін ашыңыз. Сүзгінің жанындағы оймалар енгізіледі.
Сүзгілерді орналастыру кезінде, люкті осы күйінде ұстаңыз.
1
Сүзгінің артқы жағындағы оймаларды сорғыш құрылғының
жанындағы арнайы жасалған саңылауға енгізіңіз.
2
Сүзгіні жоғары қарай еңкейтіңіз.
3
Сүзгі люгін босатыңыз. Сүзгінің артқы жағындағы оймалар
сыртқа қарай кеңейтіледі жəне сорғыш құрылғының арнайы
жасалған саңылауарына енгізіледі.
Сүзгі енді қайтадан өз орнында.
4
Қақпақтағы шыны тақтаны қайтадан қатты басыңыз (шертуді
естисіз).
Шыны тақтаны тазалау үшін алуға болады. Шыны тақтаны 2 адам
болып алыңыздар (салмағына байланысты)!
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ