34
| Қaзақша
1 609 92A 09X | (5.7.13)
Bosch Power Tools
Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ
беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз.
Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз.
Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз.
Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
Электр құралын берік ұстаңыз.
Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз.
Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Аккумуляторды ашпаңыз.
Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз.
Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз.
Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
Тек электр құралдың зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз.
Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
–
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
–
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын (мысалы күту, аспаптарды
алмастыру т. б.) пайдаланудан алдын және оны
тасымалдау және сақтауда қосқыш/өшіргішті
өшірулі күйінде бұғаттаңыз.
Қосқыш/өшіргішке
кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Аккумулятор жарты зарядталған күйде жеткізіледі.
Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны
алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысының пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз.
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз.
Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Жарық диодтық көрсеткіш бұрау кезінде нақты
әсер етіп тұрған бұрау моментін көрсетеді –
5 суретін 82-бетте қараңыз.
Электр құралы орнатылған бұрау моментіне
жетілсе автоматты ретте өшеді. Жарық диотық
көрсеткіш 3 рет жыпылықтайды.
Қосқыш/өшіргішті жібергеннен соң жарық диодтық
көрсеткіш соңғы бұрау моментін көрсетеді.
Сериялық бұраулар үшін динамометрлік сырғақты
осы мәнге реттеңіз.
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы
бірнеше секунд жартылай немесе толық басылған
қосқыш/өшіргіш күйінде аккумулятордың
зарядталғанын көрсетеді және 3 жасыл жарық
диодын қамтиды.
Аккумулятор температурасы пайдалану
температурасының
–
30 ден +65 °C дейінгі
аралығынан тыс және/немесе артық жүктеу
қорғанысы жұмыс істеп қалса аккумулятор
зарядталғанын көрсету индикаторының
3 жарықтық диоды жылдам жыпылықтайды.
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
≥ 75%
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
50—75%
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
26—50%
ақырын жыпылықтау 1 x жасыл
≤ 25%
OBJ_BUCH-1937-003.book Page 34 Friday, July 5, 2013 2:51 PM