![background image](/i/electrolux/33329/electrolux-esl-4560ro/h/electrolux-esl-4560ro-012.png)
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
• Бағдарламаны бастау үшін есікті
жаппасаңыз.
• Бағдарлама аяқталғанда.
Параметрлерді орнату режимі
Құрылғы кей параметрлер үшін параметрді
орнату режимінде тұруға тиіс.
Құрылғыны қосқаннан кейін бейнебетте P1
бағдарламасы көрсетілсе, құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұрады.
Егер басқару панелінде бұндай жағдай
көрсетілмесе Reset түймешігін басыңыз.
Бейнебетте P1 бағдарламасы көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз. Орнатқыңыз
келген бағдарламаның нөмірі және
уақыты бейнебетте тұрақты көрсетілгенше
Program түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Қаласаңыз, тиісті функцияларды орната
аласыз.
• Егер MyFavourite бағдарламасын
орнатқыңыз келсе, MyFavourite
түймешігін басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады. Бағдарламаның уақыты 1
минутқа тең қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның нөмірі,
оның ұзақтығы және кешіктіріп бастау
уақыты үзік-үзік көрсетіледі.
• Delay индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
Reset түймешігін басыңыз. Бейнебетте P1
бағдарламасы көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде бағдарлама
мен функцияларды қайта орнату
керек.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Reset түймешігін бірге басып ұстап тұрыңыз.
Бейнебетте P1 бағдарламасы көрсетіледі.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте 0:00
көрсетіледі.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе
Auto Off функциясының құрылғыны
автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
12 www.electrolux.com