10.1 Егер жуу және құрғату
нәтижелері қанағаттанарлықтай
болмаса
Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар
немесе көк дақтар пайда болған.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және
кепкен су тамшыларының ізі қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде
үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру
мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Ыдыстар су болып тұр
• Кептіру циклы жоқ немесе төмен
температурада кептіру циклы бар
бағдарлама таңдалған.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
• Бұл аралас жуғыш таблеткалардың
сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа
түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат
үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен аралас
жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "АҚЫЛ-
КЕҢЕС" тарауынан қараңыз.
10.2 Шайғыш зат үлестіргішін іске
қосу
Multitab функциясы іске қосылған кезде ғана
шайғыш зат үлестіргішін қосуға болады.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны
орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2. Program және MyFavourite түймешіктерін
Delay, Program және MyFavourite
индикаторлары жыпылықтай бастағанша
бірге басып ұстап тұрыңыз.
3. Program түймешігін басыңыз.
• Delay және MyFavourite индикаторлары
сөнеді.
• Program индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Шайғыш зат үлестіргіші
сөндірулі.
Шайғыш зат үлестіргіші
қосулы.
4. Параметрді өзгерту үшін Program
түймешігін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
7. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері
Ені / Биіктігі / Тереңдігі (мм)
446 / 818 - 898 / 550
Электртоғына қосу
Техникалық ақпарат тақтайшасына қараңыз.
Кернеу
220-240 В
Жиілік
50 Гц
Сумен жабдықтау қысымы Ең аз / ең көп (бар / мПа)
(0.5 / 0.05 ) / (8 / 0.8 )
Сумен жабдықтау
1)
Суық су немесе ыстық су
2)
макс. 60 °C
16 www.electrolux.com