![background image](/i/hotpoint-ariston/151680/hotpoint-ariston-tcd-97b-6h/h/hotpoint-ariston-tcd-97b-6h-027.png)
27
KZ
Дисплей
Бағдарламаның орындалу барысы
Дисплейдің екінші жолында бағдарламаның орындалу күйі көрсетіледі (ұзын хабарлар жол бойымен жылжиды)
Уақыты белгіленген кептіру
Уақыты белгіленген кептіру опциясы бар бағдарламаны таңдағаннан кейін «Уақыты белгіленген» түймесі басыңыз,
сонда осы түймені басқан сайын дисплейде таңдалған уақыт өседі
(«Бастау және бағдарламалар» тарауын
қараңыз)
.
Жылыту және қолдану бағдарламасы
(Қыртыстарды жазу опциясы таңдалған болса)
ҚҰРҒАҚ
САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ
ҚЫЗДЫРУ
ДАЙЫН
ЦИКЛ СОҢЫ, ҚЫРТЫСТАРДЫ ЖАЗУ
ЦИКЛ СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ
Басқан сайын ұзақтық азаяды және қолдануға
болатын уақыт опцияларының саны таңдалған
бағдарламаға / материалға байланысты болады.
Уақыт тұсында уақыты белгіленген кептіру
белгішесі көрсетіледі.
Бағдарлама басталғаннан кейін таңдалған уақыт
көрсетіліп тұрады, бірақ оны кез келген уақытта
өзгертуге болады.
Кешіктіру және аяқталуға дейінгі уақыт
Кейбір бағдарламаларда кешіктіріп бастау мүмкіндігі болады.
(«Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз)
.
Кешіктіру түймесін басыңыз, сонда белгіше
жыпылықтайды.
Кешіктіру түймесін басқан сайын кешіктіру
параметрі 1 сағаттық қадаммен
1 сағ
параметрінен
24 сағ
параметріне, одан кейін
ӨШІРУЛІ
параметріне артады, одан кейін бірнеше
секундта кешіктіру жойылады.
Кешіктіру уақыты Кешіктіру түймесінің жанында
дисплейде көрсетіледі.
Бастау/тоқтата тұру түймесі
басылғаннан кейін дисплейде кешіктіру мерзімінің минуттері кері саналады.
Дисплейдің екінші жолында
БАСТАЛУҒА ДЕЙІНГІ УАҚЫТ
жазуы көрсетіледі
Одан кейін, қажет болса, таңдалған кешіктіру уақытын кез келген кезде өзгертуге не жоюға болады.
Бастау/тоқтата тұру түймесі басылғаннан кейін кешіктіру не аяқталуға дейінгі уақыт сағаттар мен минуттер ретінде
көрсетіліп, минуттері кері саналады.
Аяқталуға дейінгі уақыт
Кешіктіру мерзімі аяқталғаннан немесе кешіктіру таңдалмаса, бағдарлама толығымен аяқталғаннан кейін. Автоматты
бағдарламалар үшін бағдарламаның аяқталуына дейінгі есептелген уақыт немесе уақыты белгіленген бағдарлама
барысында қалған нақты уақыт дисплейдің осы бөлігінде көрсетіледі.
Уақыты белгіленген бағдарламалар таңдалғанда, цикл бойынша көрсетілетін уақыт нақты қалған уақыт болып
табылады.
Автоматты бағдарлама таңдалған кезде, көрсетілетін уақыт қалған уақыттың шамалы мәні болып табылады.
Бағдарлама таңдалғанда, дисплейде толық жүкті кептіруге қажетті уақыт көрсетіледі, шамамен 10 минуттан кейін
контроллер цикл уақытын одан дәлірек анықтайды және бағдарлама барысында ол жаңартылады. Уақыт артқа
саналып жатқанын көрсету үшін сағаттар мен минуттер арасындағы қос нүктелер жыпылықтап тұрады.