70
Күрделі параметрлерді пайдалану
Бейнеіздегіште барлық қосымша параметрлерді ашу үшін
белгішесін түртіңіз.
Аудио масштаб мүмкіндігін қосу үшін түртіңіз. Қажетті
дыбысты ғана анық әрі қатты жазуға болады. Оны қосқан
соң, масштабтағыңыз келген затты көк шеңбердің ішіне
алып фокустаңыз. Дыбыстар мен көріністі арттыру үшін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
•
Альбомдық көріністе ғана қол жетімді.
•
Микрофонды екі жағынан жаппаңыз.
Түсірілетін бейне өлшемін (пикселдермен) орнату үшін
түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
•
UHD орнатылғанда, бейне жазу 5 минутқа шектеледі.
•
Нысан қадағалау UHD, QVGA, QCIF режимінде өшіріледі.
•
Суретке түсіру түймесі UHD, FHD (60 кадр/сек), QVGA, QCIF
режимінде өшіріледі.
Бейнеге кіретін күн жарығының мөлшерін анықтайды
және басқарады. Жарықтық көрсеткішін жолақ бойымен
бейне жарықтығын азайту үшін «-» таңбасына қарай, ал
бейне жарықтығын көбейту үшін «+» таңбасына қарай
сырғытыңыз.
Шайқауға қарсы мүмкіндікті қосу үшін түртіңіз. Бейне
сапасын жақсарту үшін бейне жазбада ол шайқалуға жол
бермейді.
Әртүрлі жарық жағдайларында түс сапасын жақсартады.
Бейне камера