86
On-Screen Phone терезесін қайырады.
On-Screen Phone функциялары
•
Нақты уақытта тасымалдау және басқару: компьютерге
жалғанып тұрғанда, ұялы телефонды көрсетеді және басқарады.
•
Тінтуірмен басқару: компьютер экранында басу және сүйреу
әрекеттерін орындау үшін тінтуірді пайдалану арқылы ұялы
телефонды басқару мүмкіндігін береді.
•
Пернетақта арқылы мәтін енгізу: компьютердің пернетақтасы
арқылы мәтін хабарын немесе ескертпе жазу мүмкіндігін береді.
•
Файлды тасымалдау (ұялы телефоннан компьютерге):
файлдарды ұялы телефоннан (мысалы, суреттер, бейнелер,
музыка және POLARIS Viewer 5 файлдары) компьютерге
жібереді. Компьютерге жібергіңіз келген файлды тінтуірдің
оң жақ пернесімен басып, «Компьютерге сақтау» опциясын
таңдаңыз.
•
Файлдарды тасымалдау (компьютерден ұялы телефонға):
файлдарды компьютерден ұялы телефонға жібереді.
Тасымалданатын файлдарды таңдап, On-Screen Phone
терезесін сүйреп апарыңыз. Жіберілген файлдар ішкі SD
картасына сақталады.
•
Нақты уақыт мәлімдемелері: келген қоңыраулар немесе
мәтіндік/мультимедиалық хабарлар туралы сізге хабарлау үшін
қалқымалы терезе шығады.
Компьютерде экрандағы телефонды орнату әдісі
1
LG Home (www.lg.com) сайтына кіріп, қалаған еліңізді
таңдаңыз.
Функция