26
Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту -
саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте жолдарды және экрандық
пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру
– экрандағы элементті түртіп, әрекет орындалғанша саусағыңызды
көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді опцияларын ашу үшін мәтінмән
мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде контактіні түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу -
элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен, саусақты мақсатты
орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді
сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту
- сипау үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда тез жылжытыңыз
(элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға
я болмаса солдан оңға (және керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға
болады.
Екі рет түрту
– веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы, экран еніне
сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Суретті
көріп отырып, үлкейту және кішірейту үшін екі рет түртуге де болады.
Масштабтау үшін шымшу
- шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен бас
бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе
суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру -
көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары құрылғының физикалық
бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Элементті таңдау үшін белгішенің ортасын түртіңіз.
•
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді сезетіндей сезімтал.
•
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа түймелерді түртпеңіз.
Негізгі экран
Негізгі экран — көп қосымшалар мен функциялардың бастапқы нүктесі, ол ақпарат пен
қолданбаларға жылдам қатынасты қамтамасыз ету үшін қосымша белгішелері, төте жолдар,