79
< Орналасу жері >
Орын қызметін қосыңыз, телефоныңыз GPS, Wi-Fi және мобильді желілерді қолданып орынды
жобалап анықтайды.
Режим
: орын режимін
Жоғары мұқияттылық, Батарея қуатын үнемдегіш
және
Тек құрылғы
сенсорларынан орнатыңыз
.
< Қауіпсіздік >
Телефонды шифрлау
– телефондағы деректерді қауіпсіздік үшін шифрлауға мүмкіндік береді.
Телефонды қосқан сайын оны шифрсыздандыру үшін сізден PIN не құпия сөз енгізу қажет етіледі.
SD карта сақтау орнын шифрлау
– қауіпсіздік үшін телефондағы SD картасының деректерін
шифрлауға мүмкіндік береді.
SIM картасының құлпын орнату
– SIM картасының құлпын орнатыңыз немесе SIM картаның PIN
кодын өзгертіңіз.
Кілтсөзді көрсетіп теру
– терген кезде жасырын кілтсөздің соңғы таңбасын көрсету.
Телефон әкімшілері
– телефон әкімшілерін көру немесе ажырату.
Белгісіз көздер
– Play store қызметінен алынбаған қолданбаларды орнатудың әдепкі параметрі.
Қолданбаларды растау
– зиян келтіруі мүмкін қолданбаларды орнатудан бұрын рұқсат етпеу
немесе ескерту.
Сақтау түрі
: тек бағдарламалық құрал
Сенімді тіркелгі деректері
– сенімді CA куәліктерін көрсетеді.
Сақтау орнынан орнату
– шифрланған сертификаттарды орнату үшін таңдаңыз.
Тіркелгі деректерін тазалау
– барлық куәліктер жойылады.
< Тіл және енгізу >
Language & input (Тіл және енгізу) параметрлерін телефондағы тілді таңдау және экрандық
пернетақтаны, соның ішінде сөздікке қосқан сөздерді конфигурациялау үшін пайдаланыңыз.
< Сақтық көшірме және қайта орнату >
Параметрлер мен деректерді басқару үшін параметрлерді өзгертіңіз.
Деректерге резервтік көшірме жасау
– Google серверіне параметрлер мен қолданба деректерінің
сақтық көшірмесін жасау үшін орнатыңыз.
Есептік жазбаның сақтық көшірмесін жасау
– есептік жазбаның сақтық көшірмесін жасау үшін
орнатыңыз.
Автоматты қалпына келтіру
– қолданбаларды құрылғыға қайта орнатқанда, параметрлерді және
қолданба деректерін қалпына келтіру үшін орнатыңыз.