![background image](/i/lg/15828/lg-mj3281bc/h/lg-mj3281bc-078.png)
6
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
6
Шығыс саңылауы пештің үстіңгі, астыңғы немесе бүйір жағында орналасады. Саңылауды
бітеп тастамаңыз.
• Бұл пештің бұзылуына және тағамның нашар пісуіне әкелуі мүмкін.
7
Бос тұрған тұмшапешті іске қоспаңыз. Пеш пайдаланылмайтын кезде оның ішіне бір стакан
су қойған өте жақсы болады. Пеш кездейсоқ іске қосылып кетсе, су барлық микротолқын
қуатын қауіпсіз сіңіріп алады.
• Дұрыс пайдаланбау пештің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
8
Сіз пісіріп жатқан тағам бойынша аспаздық кітапта тиісті нұсқаулар болмаса, қағаз
сүлгілерге оралған тағамды пісірмеңіз. Және тамақ пісіру үшін қағаз сүлгілердің орнына
газет пайдаланбаңыз.
• Дұрыс пайдаланбау жарылысқа немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
9
Ағаш ыдыс пен металдан (мысалы, алтын немесе күміс) жасалған ішкі қабаты ыдысты
пайдаланбаңыз. Металдан жасалған орауыш бауларды алып тастаңыз. Ыдыс-аяқты
пайдаланар алдында микротолқынды пеште пайдалануға жарамды екенін тексеріңіз.
• Олар қызып кетіп, күюі мүмкін. Атап айтқанда металл заттар пештің ішінде ұшқындап, елеулі
зақым келтіруі мүмкін.
10
Қайта өңделген қағаздан жасалған бұйымдарды пайдалануға болмайды.
• Олардың құрамында қоспалар болып,, оларды пісіру кезінде пайдаланса, ұшқын және (немесе)
өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
11
Табақ пен сөрені тамақты пісіріп болған бетте суға салып жууға болмайды. Бұл оның сынып
кетуіне не бүлінуіне әкелуі мүмкін.
• Дұрыс пайдаланбау пештің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
12
Құрылғының кездейсоқ аударылып кетуіне жол бермес үшін, пештің орналасқан беткі
қабатының шетінен оның есігінің алдыңғы жағы 8 см не одан артық болатын етіп
орналастырыңыз.
• Дұрыс пайдаланбау жарақат алуға және пештің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
13
Тамақ пісірер алдында картоптың, алманың немесе сондай кез келген жеміс пен көкөністің
қабығын тесіңіз.
• Олар жарылуы мүмкін.
14
Жұмыртқаны қабығымен бірге пісірмеңіз. Қабығы аршылмаған жұмыртқа мен қатты піскен
жұмыртқаны микротолқынды пештерде жылытуға болмайды, себебі олар микротолқынмен
жылыту аяқталғаннан кейін де жарылуы мүмкін.
• Жұмыртқаның ішіндегі қысым көтеріледі де, ол жарылады.
15
Пештің ішінде тағамды қуыруға әрекет жасамаңыз.
• Бұл сұйық тағамның кенеттен кенет тасып төгілуіне себеп болуы мүмкін.
16
Егер түтін шыққаны байқалса, пешті сөндіріңіз немесе оны электр желісінен ағытыңыз, ал
жалын шыққаны байқалса, оны басу үшін есікті ашпаңыз.
• Бұл өрт шығуы немесе электр тогы соғуы сияқты елеулі зақымға себеп болуы мүмкін.
17
Тағамты пластмассадан, қағаздан не басқа тұтанғыш материалдан бір дүркін
пайдаланылатын ыдыста қыздырған немесе пісірген кезде, пешті көзден таса қылмай, жиік
тексеріңіз.
• Тағам ыдыстың ықтимал бұзылуының себебінен тасып төгілуі мүмкін, бұл да өрт шығаруы мүмкін.